Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қызылотау ауылдық округіне қарасты Қызылотау ауылын Күшаман ауылы деп қайта атау туралы

Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 27 наурыздағы N 94 қаулысы және Жамбыл облысы мәслихатының 2008 жылғы 01 сәуірдегі N 5-13 шешімі. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 25 сәуірде 1681 нөмірімен тіркелді.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 07.02.2019 № 37 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1243 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 36-37, 426-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесінде:

      1-тармақта "облыстар, қалалар мен аудандар әкімдерінің шешімімен құрылатын" деген сөздер "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары құратын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов