Мәртөк ауыл аймағына қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Мәртөк селолық округі әкімінің 2008 жылғы 29 қарашадағы N 1 шешімі. Ақтөбе облысының Мәртөк аудандық әділет басқармасында 2008 жылдың 24 желтоқсанда N 3-8-71 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Мәртөк ауылдық округінің әкімінің 2016 жылғы 05 сәуірдегі № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Мәртөк ауылдық округінің әкімінің 05.04.2016 № 1 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрлысы туралы" Заңының 16, 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы N 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономостикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына сәйкес ауыл аймағы әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Мәртөк селолық округінің Қазан ауылындағы көшелерге "Абай", "Шығыс", "Жасыл", "Орталық", "Заречье", "Құрылыс" деген аттар койылсын.
      2. Мәртөк селолық округінің Құмсай ауылындағы көшелерге "Қамбар Медетов", "Зауыт", "Құрылысшылар", "Жастар" деген аттар койылсын.
      3. Шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресмі жарияланғаннан кейін күтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауыл аймағының әкімі: Қ.Ш. Төлепбергенов