Нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Мәртөк ауылдық округінің әкімінің 2016 жылғы 05 сәуірдегі № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1, 43-1 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына cәйкес, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәртөк ауыл аймағы әкімінің 2008 жылғы 29 карашадағы № 1 "Мәртөк ауыл аймағына қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3-8-71 болып тiркелген, 2009 жылдың 7 қаңтарында аудандық "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округ әкімінің орынбасары Ж. Қаржауовқа жүктелсін.
      Мәртөк ауылдық округі әкімі М. Ауелбеков