Әйтеке би ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ашу туралы

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық әкімиятының 2008 жылғы 22 шілдедегі N 309 қаулысы. Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық әділет басқармасында 2008 жылдың 7 тамызда N 3-2-58 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық әкімиятының 2009 жылғы 10 сәуірдегі N 167 қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 363 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамында:

"Ахметов                  - Қазақстан Республикасының Көлік және
Серік Нығметұлы             коммуникация министрі"

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Арыстанов                - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының
Аркен Кеңесбекұлы           өңірлік қаржы орталығының қызметін
                            реттеу агенттігінің төрағасы".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов