Әйтеке би ауданының Украинка елді мекенін Қайранкөл ауылы деп қайта атау туралы

Бірлескен Ақтөбе облысының әкімиятының 2008 жылғы 18 маусымдағы № 216 қаулысы және Ақтөбе облысының мәслихатының 2008 жылғы 18 маусымдағы № 98 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 15 шілдеде № 3262 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 359 шешімімен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 Заңының 13 бабының 4 тармағына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. "Оңтүстік-Батыс-1" шағын ауданының атаусыз көшелеріне Байсалбай Жолмырзаев, Жетес би есімдері берілсін.
      2. "Заречный-2" шағын ауданының атаусыз көшесіне Алмат-Самырат есімі берілсін.
      3. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

       Ақтөбе қаласының           Ақтөбе қалалық мәслихатының
            әкімі                      сессия төрағасы

          С.Нокин                        А.Айтжанов