Мұғалжар ауданының Дмитриевск селосын Көбелей ауылы деп қайта атау туралы

Бірлескен Ақтөбе облысының әкімиятының 2008 жылғы 18 маусымдағы № 215 қаулысы және Ақтөбе облысының мәслихатының 2008 жылғы 18 маусымдағы № 97 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 15 шілдеде № 3261 тіркелді

      Ескерту. Орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "аул" сөзі "село" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 11.12.2015 № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2015 № 359 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Мұғалжар аудандық мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстары негізінде, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Мұғалжар ауданының Дмитриевск селосы - Көбелей ауылы деп қайта аталсын.
      2. Осы қаулы және шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Е. САҒЫНДЫҚОВ
      Облыстық мәслихаттың сессия
төрағасы
Ғ. НҰРЫШЕВ