Алға ауданының Павловка селосын Есет батыр Көкіұлы ауылы деп қайта атау туралы

Бірлескен Ақтөбе облысының әкімдігінің 2008 жылғы 26 наурыздағы № 80 қаулысы және Ақтөбе облысының мәслихаттың 2008 жылғы 26 наурыздағы № 57 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2008 жылдың 4 сәуірде N 3245 тіркелді

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 12, 140-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

      реттік нөмірі 131-жолдың 3-бағанында "2008 жылғы ақпан" деген сөздер "2008 жылғы наурыз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 132-жолдың 3-бағанында "2008 жылғы ақпан" деген сөздер "2008 жылғы маусым" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы N 88  қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспарында:

      реттік нөмірі 1-жолдың 6-бағанында "Ақпан" деген сөз "Маусым" деген сөзбен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 2-жолдың 6-бағанында "Ақпан" деген сөз "Наурыз" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі