Ерейментау, Аршалы, Шортанды және Щучье аудандары бойынша Ақмола облысының кейбір елді мекендері мен ауылдық округтерінің атауларын өзгерту туралы

Ақмола облыстық мәслихатының 2008 жылғы 20 маусымдағы N 4С-7-16 шешімі мен Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 маусымдағы N А-5/245 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 26 маусымда N 3253 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «селосы», «селолық» деген сөздер «ауылы», «ауылдық» деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабына сәйкес, Ерейментау ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 10 қазандағы N а-10/285 қаулысы мен Ерейментау аудандық мәслихатының 2007 жылғы 10 қазандағы N 4С-3/12-07 шешімі, Аршалы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N А-814 қаулысы мен Аршалы аудандық мәслихатының 2007 жылғы 15 желтоқсандағы N 3/17 шешімі, Шортанды ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N а-4/268 қаулысы мен Шортанды аудандық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N С-3/11 шешімі, Щучье ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 19 қаңтардағы N А-1/14 қаулысы мен Щучье аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 қаңтардағы N С-5/4 шешімдері негізінде және Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі облыстық комиссияның 2008 жылғы 13 наурыздағы шешіміне байланысты Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ерейментау ауданы бойынша:
      Торғай ауылдық округінің Ржищево ауылы Балықты ауылына өзгертілсін.
      2. Аршалы ауданы бойынша:
      Бірсуат ауылдық округінің Бірсуат ауылы Шалғай ауылына өзгертілсін;
      3. Шортанды ауданы бойынша:
      Казциковское ауылдық округі Бектау ауылдық округіне өзгертілсін.
      4. Щучье ауданы бойынша:
      1) Климовка ауылдық округі Атамекен ауылдық округіне;
      2) Кенесары ауылдық округінің Вороновка ауылы Баянбай ауылына өзгертілсін.
      5. Осы шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі