Степногорск қаласы мен Жақсы ауданы бойынша Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 5 наурыздағы N а-2/62 қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының 5 наурыздағы N 4С-5-13 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 15 сәуірде N 3245 тіркелді.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «селолық», «селосы», «селосының», «селолары» деген сөздер «ауылдық», «ауылы», «ауылының», «ауылдары» деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3, 11 баптарына сәйкес және Степногорск қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N а-17/604 қаулысы мен Степногорск қалалық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 4С-3/9 шешіміне, Жақсы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N 14 қаулысы мен Жақсы аудандық  мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N С-5-10 шешіміне байланысты Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) Степногорск қаласы бойынша:
      Келесі елді мекендер басқа қоныстар категориясына көшірілсін және олар жақын елді мекендер құрамына енгізіліп, есептік деректерден шығарылсын:
      Қарабұлақ ауылдық округі бойынша:
      Қарабұлақ ауылының құрамына енгізіліп, Көксал ауылы;
      Қарабұлақ ауылының құрамына енгізіліп, Первомайка ауылы.
      Қарабұлақ ауылдық округінің категориясы Қарабұлақ ауылының категориясына көшірілсін.
      2) Жақсы ауданы бойынша:
      Есіл ауылдық округінің Жирен және Үкі ауылдары басқа қоныстар категориясына көшірілсін және олар Есіл ауылдық округі Трудовое ауылының құрамына енгізіліп, есептік деректерден шығарылсын:
      2. Осы шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі