Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттар

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 243 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 5 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5532 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.10.22 № 189 (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы N 77 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5251 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 15 қыркүйекте, N 9 жарияланған) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы N 77 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы N 115 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5297 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен бірге мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілетін (кіретін) эмитенттердің қаржылық есептілігіне аудитті жүргізетін аудиторлық ұйымдар Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына қаржы құралдарын кіргізу үшін, уәкілетті органмен келісу бойынша Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келеді.";
      4-тармақтың 7) тармақшасындағы "(сатып алынғандарды қоспағанда) акциялардың" деген сөздер "осы типтің (сатып алынған және ауыртпалық салынғандарын қоспағанда) акцияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтың 7) тармақшасындағы "(сатып алынғандарды қоспағанда) акциялардың" деген сөздер "осы типтің (сатып алынған және ауыртпалық салынғандарын қоспағанда) акцияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақтың 6) тармақшасындағы "әрқайсысындағы" деген сөз "біреуіндегі" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 10-1 тармақпен толықтырылсын:
      "10-1. Осы қаулының 8 және 10 тармақтарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттеріне көзделген талаптар "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына және ол шығарған борыштық бағалы қағаздарға таралмайды.
      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы ашатын ақпараттың тізбесі қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.";
      11-тармақтың 7) тармақшасындағы "соңғы аяқталған қаржы жылы" деген сөздер "аяқталған екі қаржы жылының біреуі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастан он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
      4. Сауда-саттықты ұйымдастырушылар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде өздерінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
      5. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                         Е. Бахмутова