Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының ж

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 236 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 5 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5530 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.10.22 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 61 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4138 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 61 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 147 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4364 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 61 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 74 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4653 тіркелген), "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4803 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылғы мамыр-шілдеде жарияланған), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 61 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 171 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4843 тіркелген) қаулыларымен енгізілген толықтыруларымен және өзгерістерімен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесінде:
      9-тармақтың он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметімен номиналды ұстаушы есебінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті қоса жүзеге асыратын ұйым осы ұйымда инвестициялық басқарудағы инвестициялық қордың бағалы қағаздар ұстаушысын қоспағанда, инвестициялық портфельді басқару шарты жасалған клиенттің бағалы қағаздарын номиналды ұстауды жүзеге асырмайды.";
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Номиналды ұстаушы номиналды ұстауды есепке алу жүйесін құрайтын электрондық деректердің резервтік көшірмесін жасауды және оларды сақтауды жүзеге асырады.
      Номиналды ұстауды есепке алу жүйесін құрайтын электрондық деректердің резервтік көшірмесі номиналды ұстаушымен күн сайын жүзеге асырылады. Резервтік көшірмелер ақпаратқа рұқсатсыз кіруден қорғалуға жатады.";
      19-тармақта:
      бірінші абзац алынып тасталсын;
      екінші, үшінші, бесінші абзацтардағы "бағалы қағаздарға меншік" деген сөздер "бағалы қағаздар бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын.
      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "Сот шешімі бойынша бағалы қағаздар жөніндегі құқықтарды өзгертуді немесе тоқтатуды тіркеуді номиналды ұстаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қажетті деректемелері бар орындау парағының негізінде жүзеге асырады және орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде көрсетіледі. Номиналды ұстаушымен тіркелген, сот шешімі бойынша бағалы қағаздар жөніндегі құқықтарды өзгерту немесе тоқтату номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шот бойынша операцияларды жүргізу күнінде орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде көрсетіледі.";
      20-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Бұйрықтағы қойылған қолдың үлгісінің заңды тұлға өкілдерінің қойған қолдарының үлгілерін нотариатпен куәландырылған құжаттағы немесе жеке тұлғаның не мәміле жасаушы тарап болып табылатын оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттағы көрсетілген қойған қолдарына сәйкес еместігі көзбен шолып өткенде байқалса, егер бұйрыққа номиналды ұстаушының жауапты қызметкерінің қатысуымен клиент қол қоймаса, номиналды ұстаушы клиентке бұйрықта көрсетілген іс-әрекетті жасау ниетін растау туралы сұрату жібереді.";
      23-1-тармақтың екінші абзацы мынадай сөздермен толықтырылсын:
      "репоны" жабу операцияларын," деген сөздерден кейін "сондай-ақ осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген операцияларды" деген сөздермен толықтырылсын;
      25-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) бұйрықты тіркеу нөмірі, күні және уақыты;";
      32-тармақта "алты ай ішінде" деген сөздер "он екі ай ішінде, егер өзге мерзім осы клиентпен номиналды ұстау туралы шартпен белгіленбесе," деген сөздермен ауыстырылсын;
      38-тармақтың үшінші абзацында "акционерлердің жалпы жиналысын өткізуге қатысатын" деген сөздер алынып тасталсын;
      4-қосымшада:
      3-нысанда "меншік құқығын ауыстырмастан" деген сөздер "бағалы қағаздар бойынша құқығын ауыстырмастан" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының тоғызыншы, он бірінші және он екінші абзацтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                         Е. Бахмутова