"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қаупсіздік комитетінің 2008 жылғы 30 шілдедегі N 107 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 10 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5302 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2011 жылғы 25 тамыздағы № 332 бұйрығымен.

      "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы  Заңына , "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне Кентау қаласының ЖЭО-5 бір айлық отын қорын сатып алуға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне аудару үшін 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен ағымдағы мақсатты трансферттер түрінде 126000000 (бір жүз жиырма алты миллион) теңге бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов