Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған деп тану ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 110 қаулы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 26 мамырдағы N 78 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 15 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5259 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 196 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008.11.28 N 196 Қаулысымен.

      -------------------- Бұйрықтан үзінді ---------------------

      Бағалы қағаздар рыногының жұмыс істеуінің айқындылығы мен тиімділігінің дәрежесін арттыру, инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында, сондай-ақ, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 маусымдағы Заңының 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. ...
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) ...;
      2) ...;
      3) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған деп тану ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 110 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы N 78 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5259 тіркелген, 2008 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының N 9, 2008 жылғы 1 тамызда "Заң газеті" газетінде N 116 (1342) санында жарияланған).
      3. Осы қаулы, ол бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
      ...........

      Төрайым                                           Е. Бахмутова
___________________________________________________

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Бағалы қағаздар рыногын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған деп тану ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 110 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3615 тіркелген) Агенттік Басқармасының»Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған деп тану ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 110 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 312 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3844 тіркелген) енгізілген толықтырумен мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған деп тану ережесінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Шамамен бiрдей бағамен және жасалу уақытымен қарсы бағыттылығы бар мынадай мәмiлелер бағаны манипуляциялау мақсатында жасалмаған болып табылады:
      1) сауда-саттықты ұйымдастырушының мұндай операцияларға арналған сауда жүйесi секторында жүзеге асырылатын сол бiр репо операциясына жататын репоны ашу және жабу мәмiлелерi;
      2) бiрдей көлемдегі және сол бағалы қағаздармен жасалған екi мәмiле, олардың екiншiсi осы мәмiлелердiң бiрiншiсiн жасаған кезде жiберiлген техникалық қатенi түзету мақсатында жасалған болса;
      3) сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiнде бағалы қағаздар бойынша міндетті баға белгілеуін қолдау мақсатында маркет-мейкермен жасалған мәмілелер;
      4) мәміле жасалған күнге дейінгі соңғы отыз күн ішінде, бірақ осы кезеңнің кемінде он күн ішінде осы атаудағы бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушының кемінде он мүшесі тараптары болып табылатын, жиынтық көлемі елу миллион теңгеден кем емес кем дегенде жиырма мәміле жасалу шартымен сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiнде бағалы қағаздармен ашық сауда әдісімен жасалған мәмілелер.".

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):

      1) Заң департаментімен (Н.В. Сарсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сауда-саттықты ұйымдастырушыға, бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      4. Агенттік Төрайымының қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                          Е. Бахмутова