Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.05.18 № 362 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 7-бабының 6) тармақшасына және 11-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру мақсатында кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектілерін тексерудің еселілігі белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Белоног А.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Малғаждарова Б.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. "Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектілеріне барудың жиілігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 4 наурыздағы N 212 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 4 наурызда N 2773 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде, 2004 ж., N 21-24, 934-құжат; "Ресми газет" 2004 ж. 4 желтоқсандағы N 49 (205) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық ол алғашқы рет ресми жарияланғаннан күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы Қ. Омаров
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2008 жылғы 2 маусымдағы
N 318 бұйрығымен
бекітілген
Кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектілеріне
тексерудің еселілігін
Объектінің |
Бір жылда |
Бір жылда зертханалық-құрал-саймандық |
|||
Бактерио- |
Санитарлық |
Физикалық |
Радиация- |
||
Сүт өңдеп шығаратын |
жылына |
2 |
2 1 4 |
жылына бір рет 1 1 1 1 |
пайдала- пайдала- пайдала- пайдала- |
Ескерту:
Төтенше жағдайларда, жұқпалы аурулардың эпидемиясы, бұрқ ете қалуы кезінде объектілерді тексеру, бастамашысы басқа бақылау мемлекеттік органдары болып табылатын объектілерді кешенді тексеруге қатысу, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері жариялаған рейдтік қарауларды жүргізуге байланысты объектілерді тексерулер, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша және бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің (орынбасарларының) ұйғарымдарын тексеру бойынша кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектілерді тексеру жалпы жиілікке кірмейді.