Қазақстан Республикасында орман қорының мемлекеттік есебінің құжаттамасын жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2008 жылғы 23 мамырдағы N 325 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 10 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5235 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 119 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 24.12.2019 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      "Орман қорының мемлекеттік есебін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1182 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында орман қорының мемлекеттік есебінің құжаттамасын жүргізу тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.

      2. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің м.а.

Д. Айтжанов


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2008 жылғы 23 мамырдағы
N 325 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасында орман қорының мемлекеттік есебінің құжаттамасын жүргізу тәртібі туралы нұсқаулық
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасында орман қорының мемлекеттік есебінің құжаттамасын жүргізу тәртібі туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Орман қорының мемлекеттік есебін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1182 қаулысына сәйкес әзірленді.

      2. Қазақстан Республикасында орман қорының мемлекеттік есебі (бұдан әрі - Есеп) Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 9-г бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік орман қорының санаттары мен жер алқаптары бойынша орман қорын бөлу" N 1 нысаны (бұдан әрі - N 1 нысан) және "Орманмен қамтылған жерлердің аудандарын және қорын басым тұқымдар және жас топтары бойынша бөлу" N 2 нысаны (бұдан әрі - N 1 нысан) бойынша жүргізіледі.

      3. Ескерілетін көрсеткіштеріне қарай Есеп былай бөлінеді:

      1) Есептік жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарына N 1 нысан бойынша жүргізілетін және орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) есептік жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін берілетін жыл сайынғы Есеп;

      2) N 1 нысан және N 2 нысан бойынша бес жылда бір рет жүргізілетін және уәкілетті органға есептік жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін берілетін кезеңдік Есеп.

      4. Көлемі 0,05 гектардан астам (0,1 гектарға дейін дөңгелектеп алғанда) Қазақстан Республикасы орман қорының барлық учаскелері Есепке алынуға жатады. Есеп нысандарында мәліметтер тұтас гектарлар күйінде дөңгелектеп келтіріледі.

2. Орман қорының мемлекеттік есебін жүргізуге әзірлік жөніндегі іс-шаралар

      5. Есепті жүргізу үшін мемлекеттік орман иеленушілер әзірлік жұмыстарын жүргізеді, сонда:

      осының алдындағы Есеп немесе осы Есеп жылына дейінгі соңғы орман орналастыру жүргізілген уақыттан бері өткен кезең ішінде мемлекеттік орман қорында болған алқаптардың өзгерістері туралы мәліметтердің орман қорының есеп құжаттамасына енгізілу толымдылығы мен дұрыстығы тексеріледі;

      ағаш кесілген орындарды куәландыру және орман екпелерін түгендеу нәтижелері бойынша ормандарда соңғы жыл ішінде болған өзгерістерді, сондай-ақ егер олар бұдан бұрын актілермен ресімделмесе, осының алдындағы жылдары болған өзгерістерді тіркейтін тиісті актілер жасалады;

      ормандардың мемлекеттік орман қорының санаттары және жерлері бойынша бөлінуі нақтыланады.

      6. Есеп бойынша құжаттама облыстар, ведомостволар және республика бойынша осы Нұсқаулық белгілеген тәртіппен Есеп деректерінің жиынтығы үшін "Қазақ орман орналастыру кәсіпорны" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі - Қазорманжобалау) беріледі.

      7. Есеп жүргізудің белгіленген тәртібінің сақталуын бақылауды облыстық орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық органдар) жүзеге асырады.

3. Орман қорының мемлекеттік есебінің құжаттамасын
жүргізу тәртібі

      8. Мемлекеттік орман иеленушілер Есепті мемлекеттік орман қорының санаттары бойынша жүргізеді.

      9. Мемлекеттік орман иеленушілер соңғы есептің немесе жаңа орман орналастырудың материалдарына өзгерістерді учаскелерді болған өзгерістерімен куәландыру актілерінің негізінде енгізеді.

      10. Мемлекеттік орман иеленушілердің Есеп нысандарына өзгерістер енгізуге мына құжаттар негіз болып табылады:

      жерлерді алып қою кезінде - Үкіметтің тиісті шешімі, жерлерді қабылдау кезінде - облыстық әкімдіктердің тиісті шешімі (қаулысы);

      учаскелерді ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру кезінде - тиісті шарт;

      басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу кезінде - ағаш кесу орындарын куәландыру актілері, ал Есептің алдындағы жыл үшін - кеспеағаштар бөлу материалдары;

      орманмен қамтылған жерлерге ауыстырылмаған орман екпелерінің алқаптары өзгерген кезде - оларды техникалық қабылдау актілері, орманмен қамтылған жерлерге ауыстырылған орман екпелерінде - оларды орманмен қамтылған жерлер санатына ауыстыру актілері;

      учаскелер табиғи жағдайда өскен кезде - оларды орманмен қамтылған жерлерге ауыстыру актілері;

      орманға күтім жасау мақсатында кесу нәтижесінде тұқым құрамы өзгерген кезде - алқаағаштарды бір тұқымнан басқа тұқымға ауыстыру актілері;

      орман өрттері, жел құлатпалары және басқа да дүлей күштер апаттары салдарынан болған өзгерістер кезінде - тексеру актілері.

      11. Жеке орман иеленушілер жыл сайынғы және кезеңдік Есептерді N 1 нысан бойынша жүргізеді, оған қысқаша түсіндірме жазба тіркеп, онда орман қорында болған неғұрлым маңызды сандық және сапалық өзгерістер және осы өзгерістердің себептері көрсетіледі.

4. Орман қорының мемлекеттік есебінің материалдарына түсіндірме жазба жасау тәртібі

      12. Түсіндірме жазбаны Есептің жиынтық материалдарының негізінде мыналар жасайды:

      1) облыстар бойынша - "Қазорманжобалаудан" облыстық әкімдіктердің қарауындағы жалпы орман иеленушілер бойынша Есептің жиынтық материалдарын алғаннан кейін облыстық атқару органдарының Департаменттері (Басқармалары);

      2) республика бойынша - облыстар бойынша Есептің жиынтық материалдарын алғаннан кейін Қазорманжобалау;

      3) мемлекеттік орман иеленушілер қысқаша түсіндірме жазбалар жасап, оларда орман қорында болған неғұрлым маңызды сандық және сапалық өзгерістерді көрсетеді. Алқаптарда болған өзгерістердің себептері мемлекеттік орман қорының санаттары, жер алқаптары, тұқымдық құрамы, сүрек қорлары бойынша көрсетіледі.

      13. Облыс және республика бойынша түсіндірме жазбаның басында:

      1) тұрақты орман иеленушілердің жалпы алқабы мен орманмен қамтылған жерлері көрсетіліп, облыс (республика) бойынша әліпбилік тәртіппен олардың тізбесі көрсетіледі.

      Орман иеленушілер бойынша орман қоры алқабының өзгеру себептері түсіндіріледі. Алқаптар және жерлерді қабылдауға немесе алып қоюға негіз болған себептер (құжатты шығарушы, оның күні, нөмірі) және қандай мақсаттар үшін қабылданғаны немесе алып қойылғаны көрсетіледі.

      2) осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша орман қорының кімге тиесілі екені туралы мәліметтер келтіріледі.

      14. Осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысанмен жер санаттары бойынша мемлекеттік орман қоры алқаптарының өзгеру серпініне талдау жасалады.

      Бұл орайда орманмен қамтылған және қамтылмаған алқаптардың арақатынасы, сондай-ақ орманмен қамтылған жер алқаптарының көбеюі немесе азаюы салыстырылады. Жер алқаптары алшақтап кеткен жағдайда олардың себептері түсіндіріледі.

      15. Есепаралық кезеңде мемлекеттік орман қорының санаттары бойынша алқаптардың өзгеруіне талдау жасау Осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан деректері бойынша келтіріледі.

      Мемлекеттік орман қорының санаттарында өзгерістер болған кезде осы өзгерістерге душар еткен себептер келтіріледі (құжаттардың нөмірлері мен күні көрсетіледі).

      16. N 2 нысанның "Негізгі орман құрайтын тұқымдар" 1-бөлімінің деректері бойынша:

      1) осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік орман қорының негізгі орман құрайтын тұқымдарының тұқымдық құрамының;

      2) осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік орман қорындағы тұқымдар топтары шегінде орманмен қамтылған жерлерді жас топтары бойынша бөлудің серпініне жасалған талдау келтіріледі.

      Түсіндірме жазбада жекелеген тұқымдар немесе тұқымдар топтары алқаптарында есепті кезеңде болған өзгерістердің себептері көрсетіледі, сондай-ақ осы өзгерістердің неліктен болуының нақты мәліметтері келтіріледі. Ормандардың жас құрылымының өзгеруіне әкеп соққан себептерді түсіндіру кезінде ең алдымен ормандарды мемлекеттік орман қорының бір санатынан басқасына ауыстыру, ағаш кесу жасының өзгеруі ескеріледі.

      17. Мемлекеттік орман қорындағы негізгі орман құрайтын тұқымдардың сүрек қорының көрсеткіштерінің серпініне талдау жасау осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес нысан деректері бойынша келтіріледі.

      Алқаағаштар қорлары өзгерген кезде ағаш кесудің, ағаш кесу жасының өзгеруінің, ормандарды мемлекеттік орман қорының бір санатынан басқа санатына ауыстырудың, ормандарды қабылдап алудың немесе берудің осы өзгерістерге әсер етуі, ормандар таксациясы кезінде жаңа тауарлық және сұрыптау кестелерінің пайдаланылуы көрсетіледі.

      18. Мемлекеттік орман қоры ормандарының шығымдылығы көрсеткіштерінің серпініне талдау жасау осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес нысан деректері бойынша келтіріледі.

      Түсіндірме жазбада ормандар шығымдылығының өзгеруіне әкеп соққан негізгі факторлар (ормандарды молықтыру және өсіру, алқаағаштарды жаңарту, ормандардың жас құрылымын жақсарту) көрсетіледі.

      19. Мемлекеттік орман қорындағы ормандарды молықтыру түрлері бойынша жерлерді орманмен қамтылған және қамтылмаған алқаптарға бөлу серпініне талдау жасау осы Нұсқаулықтың 8-қосымшасына сәйкес нысан деректері бойынша келтіріледі.

      N 1 нысан бойынша орманмен қамтылмаған жер алқаптарының қорытынды деректеріне талдау жасалады. Табиғи түрде қалыптасқан биологиялық орман өсімдіктерінің қауымдастығы ретінде сирек ормандар 8-қосымшаға енгізілмейді.

      Түсіндірме жазбада орманмен қамтылмаған жерлерді шаруашылық жүргізілмейтін жерлерге жатқызу себептері, сондай-ақ есепті кезеңде көрсеткіштердің өзгеру себептері көрсетіледі.

      20. Есепаралық кезеңде орман екпелері алқабының өзгеруіне осы өзгерістердің себептерін көрсетіп талдау жасау да осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

      Мемлекеттік орман қорында жай-күйі қанағаттанарлықсыз немесе жойылған орман екпелерінің алқаптарының өзгеруіне талдау жасау осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес нысан деректері бойынша жүргізіледі.

      21. Орманды күтіп-баптау үшін кесу және санитарлық мақсатта кесу бойынша талдау жасау осы Нұсқаулықтың 10-қосымшасына сәйкес нысан деректері бойынша жүргізіледі.

      Күтіп-баптау үшін ағаш кесуді және санитарлық мақсатта ағаш кесуді қажет ететін екпелер бойынша мәліметтер ағаш кесу түрлері және тұқым топтары бойынша Есеп жүргізу жылындағы жағдай бойынша келтіріледі.

      Күтіп-баптау үшін ағаш кесу мен санитарлық мақсатта ағаш кесудің жылдық есептік мөлшері ағаш кесу түрлері мен тұқым топтары бойынша көрсетіледі.

      Сонымен қатар орман өсіру талаптары бойынша орманға күтіп-баптау үшін ағаш кесу мен санитарлық мақсатта ағаш кесудің жыл сайынғы есептік мөлшері және Есеп өткізілген жылғы олардың нақты көлемі туралы мәліметтер келтіріледі, жыл сайынғы есептік мөлшерді игеру пайызы белгіленеді және ол толық игерілмеген жағдайда алқаағаштардың орманға күтім жасау мақсатында ағаш кесумен толық қамтылмау себептері түсіндіріледі.

      22. Мемлекеттік орман қорының жай-күйі мен құрылымындағы негізгі сандық және сапалық көрсеткіштердің жалпы сипаттамасы, осы өзгерістердің себептері келтіріледі. Тиісті тұжырымдар мен ұсыныстар жасалады, ормандарды ұтымды пайдалануды, молықтыруды, олардың шығымдылығы мен сапасын арттыруды қамтамасыз етуге, анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған қажетті ұсыныстар жасалады.

5. Орман қорының мемлекеттік есебінің материалдарын беру тәртібі және мерзімі

      23. Орман иеленушілер түсіндірме жазбасымен Есеп нысандарын екі дана етіп дайындайды, олардың біреуі Қазорманжобалауға жіберіледі.

      24. Орман иеленушілер ұсынған Есеп нысандары Есеп материалдары түскен күннен бастап 10 күн мерзімінде Уәкілетті органның аумақтық органдарымен келісіледі.

      25. Қазорманжобалауға Есеп материалдарын беру мерзімі осы нұсқаулықтың 3-тармағында белгіленген мерзімде уәкілетті органмен бекітілетін кесте (бұдан әрі - Кесте) бойынша анықталып, 5 күн ішінде қарауында мемлекеттік орман иеленушілер бар мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жеке орман иеленушілердің назарына жеткізіледі.

      26. Есеп материалдарын беру тәртібі:

      1) уәкілетті органның қарауындағы мемлекеттік орман иеленушілер Есеп нысандарын уәкілетті органның аумақтық органымен келісіп алғаннан кейін оларды түсіндірме жазбамен бірге Қазорманжобалауға береді;

      2) облыстық әкімдіктердің қарауындағы мемлекеттік орман иеленушілер түсіндірме жазбаларымен Есеп нысандарын облыстық Департаментке (Басқарма) тапсырады, олар нысандарды тексереді, келіседі және Есеп материалдары түскен күннен бастап 10 күн мерзімінде бақылап тексеру және келісу үшін облыстық аумақтық органдарға жібереді. Осыдан кейін Департаменттер (Басқармалар) өкілдері Есеп нысандарын Қазорманжобалауға тапсырады;

      3) "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумақтық органмен келісілген түсіндірме жазбасымен Есеп нысандарын тікелей Қазорманжобалауға тапсырады;

      4) "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы және Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитеті аумақтық органдармен келісілген облыстар бойынша Есеп нысандарын тікелей Қазорманжобалауға тапсырады;

      5) Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері аумақтық органдармен келісілген Есеп нысандарын тікелей Қазорманжобалауға тапсырады;

      6) жеке орман иеленушілер орман иеленуші тұратын жердегі әкімдіктің жер қатынастары бөлімімен келісілген, оның қолымен және мөрімен куәландырылған Есеп нысаны мен түсіндірме жазбаны есептік жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін уәкілетті органның аумақтық органына жібереді;

      7) мемлекеттік орман иеленушілер олардың аумағындағы жайылма және тоғайлы ормандардың болуы туралы деректерді оларды жер түрлері бойынша бөліп береді.

      27. Қазорманжобалау Кестеге бойынша ұсынылған Есеп материалдары бойынша:

      1) Есеп нысандарын қабылдауды және олардың дұрыс толтырылуын тексеруді жүзеге асырады;

      2) арифметикалық қателерді анықтайды және түзетеді, орманмен қамтылған жерлердің орташа жасы мен өскіндерін, пайызын есептейді;

      3) облыстар, ведомостволар және республика бойынша есеп нысандарының жиынтығын жасайды;

      4) есеп нысандары даналарының қажетті мөлшерін дайындайды;

      5) республика бойынша Есептің жиынтық материалдарына түсіндірме жазбалар жасайды, олар облыстық Департаменттер (Басқармалар) облыстар бойынша Есептің жиынтық нысандары мен орман иеленушілердің түсіндірме жазбаларын алғаннан кейін бір айдың ішінде олар тапсырған түсіндірме жазбаларда келтірілген деректердің негізінде жасалады;

      6) осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген мөлшерде Есеп нысандарын жасайды және оларды уәкілетті орган мен оның аумақтық органына, Департаменттерге (Басқармаларға), орман иеленушілерге береді;

      7) Есептің жиынтық нысандарын жасайды, олар:

      облыстар бойынша - уәкілетті органға және оның аумақтық органдарына, Департаменттерге (Басқармаларға);

      республика бойынша - уәкілетті органға беріледі.

  Қазақстан Республикасында
орман қорының мемлекеттік
есебінің құжаттамасын
жүргізу тәртібі туралы
нұсқаулыққа 1-қосымша

Қазақстан Республикасының (облыстың)
орман қоры туралы мәліметтер

р/с

N

Орман қоры бар

мемлекеттік

органдар мен жеке

орман иеленушілер

Қазақстан Республикасы орман қоры

жерлерінің алқабы (алымы - мың га,

бөлімі - %)

бар-

лығы

орманды

жерлер

орманмен қамтылғаны

бар-

лығы

о.і. пісіп

жетілгені және

көнергендері

жиыны

оның

қылқан

жапырақты.

1

2

3

4

5

6

7

1.

Қазақстан

Республикасы

Ауыл шаруашылығы

министрлігі Орман

және аңшылық

шаруашылығы

комитеті






2.

Облыстық

әкімдіктер






3.

Қазақстан

Республикасы

Президентінің

Іс басқармасы






4.

Қазақстан

Республикасы

Көлік және

коммуникациялар

министрлігі






5.

Алматы және

Астана

қалаларының

әкімдіктері






6.

Жеке орман

иеленушілер







Барлығы






кестенің жалғасы

р/с

N

Сүрек қоры, млн. м 3

жалпы

с.і.пісіп жетілгені ж/е

көнергендері

барлығы

оның қылқан жапырақ


8

9

10

1.




2.




3.




5.




6.








  Қазақстан Республикасында
орман қорының мемлекеттік
есебінің құжаттамасын
жүргізу тәртібі туралы
нұсқаулыққа 2-қосымша

Мемлекеттік орман қоры алқаптарының
жер санаттары бойынша өзгеру серпінін талдау (ауданы, мың га)

р/с

N

Жер алқаптарының

түрлері

Орман қорын есепке

алу кезеңі

(күні, айы және

жылы)

Айырмасы + -

осының

алдындағы

содан

кейінгі

Ауданы

%

1

2

3

4

5

6


Орманды жерлер:





1.

орманмен қамтылғаны,

барлығы





2.

оның ішінде орман

екпелері





3.

Өнеркәсіп және

энергетикалық

мақсаттарға арналған

плантациялар





4.

Азық-түлік және басқа

мақсаттарға арналған

плантациялар





5.

жинақталмаған орман

екпелері





6.

орман тұқымбақтары






Орманмен қамтылмаған

жерлер:





7.

ағашы кесілген жерлер





8.

өртеңдер және қураған

алқаағаштар





9.

алаңқайлар





10.

сирек ағаштар





11.

Орманмен қамтылмаған

жерлердің жиынтығы





12.

Орманды жерлер барлығы






Ормансыз жерлер:





13.

жыртылған жерлер,

тыңайған жерлер





14.

шабындықтар





15.

жайылымдар





16.

жолдар, соқпақтар,

өртке қарсы үзілімдер





17.

үй-жайлар





18.

сулар





19.

батпақтар





20.

құмдар





21.

мұздақтар





22.

басқа жерлер





23.

Ормансыз жерлер жиыны





24.

Орманды және ормансыз

жерлердің жалпы ауданы





25.

Оның ішінде ұзақ мерзімді орман

пайдалануға берілгені





  Қазақстан Республикасында
орман қорының мемлекеттік
есебінің құжаттамасын
жүргізу тәртібі туралы
нұсқаулыққа 3-қосымша

Мемлекеттік орман қорының санаттары және жеке
орман қоры бойынша алқаптардың өзгеруін талдау (ауданы, мың га)

Мемлекеттік орман

қорының санаттары

1

нысан-

ның

коды

Орман қорын

есепке алу кезеңі

(күні, айы және

жылы)

Айырмасы

+ -

осының

алдындағы

содан

кейінгі

Ауданы

%

1

2

3

4

5

6

1. Ерекше қорғалатын

орман аумақтары - жиыны

1





олардан мемлекеттік

табиғат ескерткіштері

2





оның ішінде:






1) мемлекеттік табиғи

қорықтар ормандары

3





олардан мемлекеттік

табиғат ескерткіштері

4





2) мемлекеттік ұлттық

табиғи парктер ормандары

5





олардан мемлекеттік табиғат ескерткіштері

6





3) мемлекеттік табиғи резерваттар ормандары

7





олардан мемлекеттік табиғат ескерткіштері

8





4) мемлекеттік өңірлік

табиғи парктер ормандары

9





5) мемлекеттік қорық

аймақтары ормандары

10





6) басқа санаттардағы

мемлекеттік табиғат

ескерткіштері

11





2. Мемлекеттік орман

қорының жерлеріндегі

ормандар және орман

өсімдіктерімен қамтылмаған жер

учаскелері - жиыны:

12





олардан басты мақсатта

пайдалану үшін ағаш

кесуге болатын учаскелер

13





оның ішінде:






1) генетикалық

резерваттарын қоса

алғанда, ғылыми маңызы

бар орман учаскелері

14





олардан генетикалық

орман резерваттары

15





2) аса құнды орман

алқаптары

16





3) жаңғақ кәсіпшілігі

аймақтары

17





4) орман жемісі

алқаағаштары

18





5) аса биік тау

ормандары

19





6) мемлекеттік

қорғаныштық орман

белдеулері

20





7) қала ормандары және

орманды саябақтар

21





8) елді мекендердің

және емдеу-сауықтыру

мекемелерінің жасыл

аймақтары

22





9) эрозияға қарсы

ормандар

23





10) өзендер, көлдер, су

қоймалары мен басқа да

су объектілері жағалау-

ларындағы тыйым салынған

орман белдеулері

24





олардан басты мақсатта

пайдалану үшін ағаш

кесуге болатын

учаскелері

25





11) халықаралық және

республикалық маңызы

бар ортақ пайдаланудағы

автомобиль жолдары мен

темір жолдар бойындағы

қорғаныштық орманды

белдеулер

26





12) егістік-топырақ

қорғаныштық ормандар

27





олардан басты мақсатта

пайдалану үшін ағаш

кесуге болатын

учаскелері

28





3. Халықаралық және

республикалық маңызы

бар ортақ пайдаланудағы

автомобиль жолдары мен

темір жолдар,

магистралдық құбырлар

және басқа да желілік

құрылыстарға бөлінген

белдеулердегі

қорғаныштық алқаағаштар

29





Мемлекеттік орман қоры

ормандарының жалпы

ауданы

30





олардан басты мақсатта

пайдалану үшін ағаш

кесуге болатын учаскелер

31





Ұзақ мерзімді орман

пайдалануға берілгені

32





оның ішінде сүрек

дайындау үшін

33





Жеке орман қорының жалпы

ауданы

34





Орман қоры, барлығы

35





  Қазақстан Республикасында
орман қорының мемлекеттік
есебінің құжаттамасын
жүргізу тәртібі туралы
нұсқаулыққа 4-қосымша

Мемлекеттік орман қорының негізгі орман құратын
тұқымдарының тұқымдық құрамының серпінін талдау (ауданы, мың га)

Басым тұқымдар

Орман қорын

есепке алу кезеңі

(күні, айы және

жылы)

Айырмасы

+, -

осының

алдындағы

содан

кейін

+, -

%

1

2

3

4

5

Негізгі орман құраушы

тұқымдар барлығы,

оның ішінде:

Қылқан жапырақтылар,

барлығы

оның ішінде:

қарағай

шырша

самырсын

балқарағай

сібір самырсыны

арша

Жұмсақ жапырақтылар,

барлығы

оның ішінде:

қайың

көктерек

қандыағаш

терек

ақтал

Қатты жапырақтылар,

барлығы

соның ішінде:

емен

шаған

үйеңкі

қарағаш және басқа

қарағаш тұқымдары

Сексеуілдіктер, барлығы

оның ішінде:

ақ сексеуіл

қара сексеуіл





  Қазақстан Республикасында
орман қорының мемлекеттік
есебінің құжаттамасын
жүргізу тәртібі туралы
нұсқаулыққа 5-қосымша

Мемлекеттік орман қорының тұқым топтары шегінде
жас топтары бойынша орманмен қамтылған жерлерді бөлу
серпінін талдау (ауданы, мың га)

Басым тұқымдар

Орман қорын

есепке алу кезеңі

(күні, айы және

жылы)

Айырмасы

+, -

осының

алдындағы

содан

кейін

+, -

%

1

2

3

4

5

Қылқан жапырақтылар,

барлығы

оның ішінде:

Балаусалар

Орта жастағылар

Пісіп келе жатқандар

Пісіп жетілгендер және

көнергендер

Жұмсақ жапырақтылар,

барлығы

оның ішінде:

Балаусалар

Орта жастағылар

Пісіп келе жатқандар

Пісіп жетілгендер және

көнергендер

Қатты жапырақтылар,

барлығы

оның ішінде:

Балаусалар

Орта жастағылар

Пісіп келе жатқандар

Пісіп жетілгендер және

көнергендер

Сексеуілдіктер, барлығы

оның ішінде:

Балаусалар

Орта жастағылар

Пісіп келе жатқандар

Пісіп жетілгендер және

көнергендер





  Қазақстан Республикасында
орман қорының мемлекеттік есебінің
құжаттамасын жүргізу тәртібі туралы
нұсқаулыққа 6-қосымша

Мемлекеттік орман қорындағы негізгі орман құраушы
тұқымдардың сүрек қорлары көрсеткіштерінің серпінін талдау қоры, мың м 3

Көрсеткіштер

Орман қорын

есепке алу кезеңі

(күні, айы және

жылы)

Айырмасы

+, -

осының

алдындағы

содан

кейін

Қор

%

1

2

3

4

5

Негізгі орман құраушы

тұқымды алқаағаштардың

жалпы қоры, оның ішінде:

пісіп келе жатқан

алқаағаштардың қоры

пісіп жетілген және

көнерген алқа-ағаштардың

қоры, барлығы

олардан басты мақсатта

пайдалану үшін ағаш

кесуге болатын учаскелері

Қылқан жапырақтылар,

алқаағаштардың жалпы

қоры, барлығы

оның ішінде:

пісіп келе жатқан

алқаағаштардың қоры

пісіп жетілген және

көнерген алқа-ағаштардың

қоры, барлығы

олардан басты мақсатта

пайдалану үшін ағаш

кесуге болатын учаскелері

Жұмсақ жапырақтылар,

алқаағаштардың жалпы

қоры, барлығы

оның ішінде:

пісіп келе жатқан

алқаағаштардың қоры

пісіп жетілген және

көнерген алқаағаштардың

қоры, барлығы

олардан басты мақсатта

пайдалану үшін ағаш

кесуге болатын учаскелері

Қатты жапырақтылар,

алқаағаштардың жалпы қоры

барлығы,

оның ішінде:

пісіп келе жатқан

алқаағаштардың қоры

пісіп жетілген және

көнерген алқа-ағаштардың

қоры, барлығы

олардан басты мақсатта

пайдалану үшін ағаш

кесуге болатын учаскелері

Сексеуіл тоғайлары,

алқаағаштардың жалпы қоры

барлығы, соның ішінде:

пісіп келе жатқан

алқаағаштардың қоры

пісіп жетілген және

көнерген алқа-ағаштардың

қоры, барлығы

олардың басты мақсатта

пайдалану үшін ағаш

кесуге болатын учаскелері





  Қазақстан Республикасында
орман қорының мемлекеттік есебінің
құжаттамасын жүргізу тәртібі туралы
нұсқаулыққа 7-қосымша

Мемлекеттік орман қоры ормандарының шығымдылығы
көрсеткіштерінің серпінін талдау

р/с

N

Көрсеткіштер

Өлшем

бірлігі

Орман қорын есепке алу жылдары

осының

алдындағы

содан кейінгі

барлығы

о.і.

қылқан

жапырақ

барлығы

о.і.

қылқан

жапырақ

1

2

3

4

5

6

7

1.

Жалпы

орташа

өсімі

мың м 3





2.

Орманмен

қамтылған

жерлердің

1 гектарына

өсім

м 3





3.

Орманмен

қамтылған

жерлердің

1 гектарына

қор

м 3





4.

Пісіп жетіл-

ген және кө-

нерген алқа-

ағаштардың 1

гектарына қор

м 3





5.

Орманды өңір

%


Х


Х

      кестенің жалғасы

Айырмасы

абсолюттік өлшем

%

барлығы

о.і. қылқан жапырақ

8

9

10














Х



  Қазақстан Республикасында
орман қорының мемлекеттік есебінің
құжаттамасын жүргізу тәртібі туралы
нұсқаулыққа 8-қосымша

Мемлекеттік орман қорында ормандарды молықтыру
түрлері бойынша орманды және орманмен
қамтылмаған жерлерді бөлу серпінін талдау (ауданы, мың га)

Көрсеткіштер

Есепке алу жылдары

(күні, айы және

жылы)

Айырмасы

+, -

осының

алдындағы

содан

кейінгі

мың, га

%

1

2

3

4

5

1. Орманмен қамтылмаған

жерлер, барлығы





оның ішінде:





1) табиғи түлейтіндер,

барлығы





соның ішінде:





қылқан жапырақты тұқымдылар





жұмсақ жапырақты тұқымдылар





қатты жапырақты тұқымдылар





сексеуіл





2) табиғи қалпына келуге

жәрдемдесу, барлығы





оның ішінде:





қылқан жапырақты тұқымдылар





жұмсақ жапырақты тұқымдылар





қатты жапырақты тұқымдылар





сексеуіл





3) орман екпелерін егу, барлығы





оның ішінде:





қылқан жапырақты тұқымдылар





жұмсақ жапырақты тұқымдылар





қатты жапырақты тұқымдылар





сексеуіл





4) шаруашылық әсерінсіз

қалдырылған жерлер





Қайта жаңартуды қажет ететін

алқаағаштардың алқабы





  Қазақстан Республикасында
орман қорының мемлекеттік есебінің
құжаттамасын жүргізу тәртібі туралы
нұсқаулыққа 9-қосымша

Мемлекеттік орман қорындағы жай-күйі
қанағаттанарлықсыз немесе жойылып кеткен орман
екпелерін талдау (ауданы, га)

Орман екпелерінің

жойылып кету немесе

жай-күйінің

қанағаттанарлықсыз

болу себептері

Есепаралық

кезеңіндегі

өсірілген

орман

екпелерінің

ауданы

Орман екпелерінің жай-күйі

Қанағаттанар-

лықсыз

Жойылып кеткен

ауданы

өсіріл-

геннен %

ауданы

өсіріл-

геннен

%

1

2

3

4

5

6

Орман екпелері,

барлығы






олардың жай-күйі

қанағаттанарлықсыз

және мына

себептермен

жойылғаны:






орман өрттері

Х





орман екпелерін

өсіру технологиясы-

ның бұзылуы

Х





күтім жасаудың

уақытымен

жүргізілмеуі

(жоқтығы)

Х





малдың таптауы

және басқалары

Х





  Қазақстан Республикасында
орман қорының мемлекеттік есебінің
құжаттамасын жүргізу тәртібі туралы
нұсқаулыққа 10-қосымша

Мемлекеттік орман қорында орманға күтім жасау
және санитарлық мақсаттарда ағаш кесу бойынша талдау (ауданы, га (мың га) (қажетсізін сызу)

Алқаағаштар

топтары

Күтім жасау мақсатында ағаш кесу түрлері

Санитарлық

мақсатта ағаш

кесу түрлері

жарық-

тандыру

және

тазарту

сирету

өтпелі

жиыны

іріктеп

жап-

пай

жиы-

ны

А

1

2

3

4

5

6

7

1. Есепке алу

жылындағы жағдай

бойынша күтім

жасау және

санитарлық

мақсаттарда

кесуді қажет

ететін

алқаағаштар,

барлығы








оның ішінде:








қылқан жапырақтылар








жұмсақ

жапырақтылар








қатты

жапырақтылар








сексеуіл

Х

Х

Х

Х




2. Күтім жасау

және санитарлық

мақсаттарда

ағаш кесудің

жылдық есептік

мөлшері, барлығы








оның ішінде:








қылқан жапырақты

алқаағаштар








жұмсақ жапырақты

алқаағаштар








қатты жапырақты

алқаағаштар








сексеуіл

Х

Х

Х

Х




  Қазақстан Республикасында
орман қорының мемлекеттік есебінің
құжаттамасын жүргізу тәртібі туралы
нұсқаулыққа 11-қосымша

"Қазақ орман орналастыру кәсіпорны" РМҚК орман қоры
мемлекеттік есебінің нысандарын дайындауы және беруі

Есеп нысандарының

атауы

Есеп нысандары беріледі


Мем-

ле-

кет-

тік

орман

иеле-

нуші

Жеке

ор-

ман

иел-

ену-

ші

Уәкі-

летті

орган

Аумақ-

тық

орган

Облыс

әкімдігі

Көлік

және

комму-

ника-

циялар

минис-

трлігі

"Қазор-

манжо-

балау"

даналар саны

1

2

3

4

5

6

7

8

N 1 нысан,

N 2 нысан

1

-

3

(әр-

бір

орман

иеле-

нуші

бой-

ынша)

2

(әрбір

орман

иеле-

нуші

бойын-

ша)

2

(әрбір

орман

иеленуші

бойынша)

2

(әрбір

орман

иеле-

нуші

бойын-

ша)

1

(әрбір

орман

иелену-

ші бой-

ынша)

Облыс

бойынша

жиынтық

нысандар

(N 1 нысан,

N 2 нысан)

-

-

3

2

2

2

1

Республика

бойынша

жиынтық

нысандар

(N 1 нысан,

N 2 нысан)

-

-

3

-

-

2

1

Облыс

бойынша

жиынтық

нысандар:

мыналар

бойынша

N 1 нысан,

N 2 нысан:








мемлекеттік

табиғи

қорықтар

-

-

3

2

-

-

1

мемлекеттік

ұлттық

табиғи

парктер

-

-

3

2

-

-

1

мемлекеттік

табиғи

резерваттар

-

-

3

2

-

-

1

басқа органдардың

қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

-

-

3

2

-

-

1

орман селекциялық орталықтары

-

-

3

2

-

-

1

Комитеттің

қарауындағы орман иеленушілер

-

-

3

2

2

-

1

Әкімдіктер қарауындағы орман иеленушілер

-

-

3

2

2

-

1

Жеке орман иеленушілер бойынша

N 1 нысан

-

1

3

2

2

-

1

Түсіндірме жазба

-

-

3

-

-

-

1