"Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында ауруханаішілік жұқпалы ауруларға инфекциялық бақылауды жүргізу кезінде жұмыс жағдайы мен медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі ме

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 сәуірдегі N 253 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 19 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5220 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 476 бұйрығымен

      "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы  Заңына , "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Лондон халықаралық төрелік сотының 2007 жылғы 21 қарашадағы шешімін (төрелік іс N 6773) орындау үшін 3415000 (үш миллион төрт жүз он бес мың) теңге бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов