Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010.01.22 N 16 бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 233-бабына және»"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 37) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесі бекітілсін.
2. Орта білім департаменті (М.Т. Санатова) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Орта білім департаменті (М.Т. Санатова), Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков), Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) аталған бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалалық білім департаменттерінің, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін.
4. Мыналардың:
1) "Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1051 бұйрығының (N 3401 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2005 жылғы 17 тамыздағы N 150 "Юридическая газета" газетінде жарияланған);
2) "Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1051 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 26 сәуірдегі бұйрығының (N 3583 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2005 жылғы 14 қыркүйекте N 168 "Юридическая газета" газетінде жарияланған);
3) "Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 27 наурыздағы N 146 бұйрығының (N 4196 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2006 жылғы 4 мамырдағы N 168 "Юридическая газета" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ж. Түймебаев
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 9 сәуірдегі
N 181 бұйрығымен бекітілген
Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 233-бабына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 37) тармағына сәйкес әзірленген және меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш, негізгі орта білім және жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттау тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) педагог қызметкерлерді аттестаттау - педагог қызметкерлердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
2) біліктілік санаты - нормативтік өлшемдерге сәйкес келетін және қызметкердің белгілі бір дәрежедегі күрделі кәсіби міндеттерді шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін біліктілік деңгейі;
3) біліктілік тестілеу - педагог қызметкерлерді педагогтік қызметке даярлығын және өтініш білдірілген біліктілік деңгейіне сәйкестігін анықтау мақсатында өткізілетін жоғары және орта білімнен кейінгі білімі бар педагог қызметкерлерді аттестаттаудың бір кезеңі.
3. Аттестаттаудың негізгі қағидаттары аттестатталатын педагогикалық қызметкерге, объективті адамгершіліктілік және тілектестік қарым-қатынасты қамтамасыз ететін ашықтық және алқалық сараптау бағасының жүйелілігі мен тұтастығы болып табылады.
4. Аттестаттау алдыңғы аттестаттаудың мерзімі өткеннен кейін 5 жылда кемінде бір рет өткізілді.
5. Педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу үшін мыналар негіз болып табылады:
1) алдыңғы аттестаттау мерзімінің өтуі;
2) біліктілік санатын кезекті жоғарлату туралы педагогикалық қызметкердің өтініші;
3) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестаттау туралы педагогикалық қызметкердің өтініші;
4) педагог қызметкердің мерзімінен бұрын аттестатталуы туралы білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген педагогикалық кеңестің, Ғылыми кеңестің жоғары оқу орындарына арналған шешімі.
6. Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттауды республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) құратын аттестаттау комиссиясы, ал мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім, қосымша білім беру ұйымдары үшін - білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Білім беру ұйымдарында педагог қызметкерлерді аттестаттау ағымдағы жылғы 10 қазаннан 30 наурызға дейін; аудандық (қалалық) білім бөлімдерінде, облыстық, Алматы және Алматы қалаларының департаменттерінде, Министрлікте, өз қарауында білім беру ұйымдары бар Қазақстан Республикасының салалық министрліктерінде (ведомстволарында) олардың аумақтық органдарында 30 наурыздан 10 мамырға дейін өткізіледі.
2. Аттестаттау комиссиясы және оның құрамы
7. Аттестаттау комиссиясы білім беру ұйымдарында, аудандық, қалалық білім бөлімдерінде, облыстық, Астана және Алматы қалалары білім департаменттерінде, білім беру саласындағы уәкілетті органда, өз қарауында білім беру ұйымдары бар Қазақстан Республикасының салалық министрліктерінде (ведомстволарында) және олардың аумақтық органдарында құрылады. Шағын жинақталған мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың педагог қызметкерлерін аттестаттау үшін аттестаттау комиссиясы базалық мектептің, мектепке дейінгі ұйымның жанынан немесе тиісті білім беру ұйымының бағынысты органы бойынша құрылады.
8. Аттестаттау комиссиясының құрамына: аттестаттау комиссиясының төрағасы - білім беру ұйымының басшысы, комиссия хатшысы және комиссия мүшелері: білім беруді басқару органдарының, әдістемелік қызмет, ғылыми ұйымдар, жергілікті атқарушы органдардың мамандары, кәсіподақтың, оқу-әдістемелік бірлестіктердің өкілдері, білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері кіреді.
Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің саны тақ саннан құрылуы тиіс.
Білім беру ұйымының немесе білім беруді басқару органының аттестаттау комиссиясының дербес құрамы мен өкілеттік мерзімдері Ғылыми кеңестің, педагогикалық кеңестің немесе білім беруді басқару органының ұсынымдары ескеріле отырып, тиісінше білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
9. Аттестатталушы аттестаттау комиссиясының мүшесі бола алмайды.
3. Аттестаттауды өткізу тәртібі
РҚАО-ның ескертуі!
10-тармақтың күші 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.02.09 N 49 Бұйрығымен.
10. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім және қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттау екі кезеңде өткізіледі.
Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың бірінші кезеңі - біліктілік тестілеу (бұдан әрі - тестілеу), екінші кезеңі - педагог қызметкерлердің лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес педагог қызметкерлер қызметінің қорытындысын талдамалы қорытындылау.
11. Аттестаттаудан өту үшін мынадай құжаттар талап етіледі:
1) осы Ереженің N 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестаттауға өтініш;
2) жеке төлқұжаттың көшірмесі;
3) білімі туралы, біліктілікті арттыру туралы құжаттардың көшірмесі;
4) тәжірибесі мен перспективасын жалпылау және оны енгізу мен қолдану туралы білім беру саласындағы педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының ғылыми кеңесі шешімінің көшірмелері, педагогикалық қызметкерлердің және білім алушылардың жетістіктерінің марапаттау материалдарының көшірмелері, ғылыми-әдістемелік жарияланымдардың көшірмелері оларға баспа басылымдарының және тарауларының мазмұнының көшірмелері, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары (олар бар болған жағдайда);
5) өз қызметінің жетістіктерін растайтын материалдар.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелері нотариалды куәландырылған немесе білім беру ұйымының кадрлық қызметі растаған түрде тапсырылады.
12. Педагогикалық қызметкерлер білім беру ұйымдарында сертификаттың қолданыстағы мерзімінің аяқталуына дейін 4 ай қалғанда аттестаттауға арналған құжаттарды тапсырады.
РҚАО-ның ескертуі!
13-тармақтың күші 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.02.09 N 49 Бұйрығымен.
13. Бірінші кезеңге (тестілеу) облыстық, Астана және Алматы қалалық білім департаменттерінің, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің, жоғары оқу орындарының аттестаттау комиссиясының бұйрығымен бекітілген тізімге енгізілген педагог қызметкерлер жіберіледі.
Тестілеу ұлттық бірыңғай тестілеу пунктерінде өткізіледі.
Тестілеу екі түрлі әдіспен өткізіледі:
1) автоматтандырылған компьютерлік әдіспен өткізіледі. Компьютерлік тестілеудің дұрыс жауабын санау автоматтандырылған режимде жүргізіледі.
2) Тестілеу, кейін сканерде өңделетін сұрақ парақшаларын толтыру әдісімен өткізіледі.
РҚАО-ның ескертуі!
14-тармақтың күші 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.02.09 N 49 Бұйрығымен.
14. Педагог қызметкер аттестаттау комиссиясына бекітілген нысан бойынша (Осы Ережеге N 2-қосымша ) тестілеуге өтініш береді. Өзімен бірге жеке куәлігі/паспорты (нотариалды куәландырылған көшірмесі) болуы қажет.
РҚАО-ның ескертуі!
15-тармақтың күші 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.02.09 N 49 Бұйрығымен.
15. Жалпы білім беретін мектептердің педагогтары үшін тест сұрақтарының саны 100:
1) Қазақстан Республикасы заңнамаларын білу - 20 сұрақ;
2) педагогика және психология негіздері - 20 сұрақ;
3) пәндік білім негіздері - 40 сұрақ;
4) оқытудың әдістері мен технологиялары - 20 сұрақ.
Тестілеуге 150 минут уақыт беріледі.
РҚАО-ның ескертуі!
16-тармақтың күші 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.02.09 N 49 Бұйрығымен.
16. Әр тест бойынша дұрыс жауаптың кемінде 60%-ын жинаған кезде нәтижесі оң, 60%-нан төмен нәтиже алған жағдайда теріс болып саналады.
РҚАО-ның ескертуі!
17-тармақтың күші 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.02.09 N 49 Бұйрығымен.
17. Тестілеу бойынша теріс нәтиже алған немесе дәлелді себептермен тестілеуге қатыспаған педагог қызметкер ағымдағы оқу жылын педагогикалық қызметін жалғастыра отырып кемінде алты айдан кейін қайтадан тестілеуден өтеді.
РҚАО-ның ескертуі!
18-тармақтың күші 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.02.09 N 49 Бұйрығымен.
18. Тестілеу өткізудің нәтижелері тиісті тестілеу хаттамасымен ресімделеді, оған аттестаттау комиссиясы қол қояды (осы Ережеге N 3-қосымша ).
Әрбір тест тапсырушының тестілеу нәтижелері екі данада принтерде шығарылып, біреуі тест тапсырушыға беріліп, екінші данасы тест тапсырушының танысқаны туралы қолы қойылып оқу орындарында сақталады.
Тестілеудің нәтижесі 5 жыл өз күшінде болады.
РҚАО-ның ескертуі!
19-тармақтың күші 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.02.09 N 49 Бұйрығымен.
19. Тестілеу нәтижелері бойынша белгіленген нысан бойынша біліктілік тестілеуден өтуі туралы сертификаттары (бұдан әрі - Сертификат) беріледі (осы Ережеге N 4-қосымша ). Сертификатқа Төраға, хатшы және комиссия мүшелері қол қояды, ұлттық бірыңғай тестілеу пунктерінің мөрімен расталады.
РҚАО-ның ескертуі!
20-тармақтың күші 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.02.09 N 49 Бұйрығымен.
20. Сертификат берілген күнінен бастап бес жыл көлемінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
РҚАО-ның ескертуі!
21-тармақтың күші 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.02.09 N 49 Бұйрығымен.
21. Тестілеуден өту туралы мәлімет біліктілік тестілеуден өту туралы кітапқа енгізіледі (осы Ережеге N 5-қосымша ).
РҚАО-ның ескертуі!
22-тармақтың күші 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.02.09 N 49 Бұйрығымен.
22. Сертификат жоғалған немесе бұзылған жағдайда тиісті білім беруді басқару органдары сертификаттың дубликатын:
1) педагог қызметкердің аттестаттау комиссиясы төрағасының атына жазған өтініші;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында басылған сертификаттың жоғалғаны туралы хабарландыру, білім беру ұйымдары берген сертификаттың бүлінгені туралы актісі негізінде береді.
РҚАО-ның ескертуі!
23-тармақтың күші 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.02.09 N 49 Бұйрығымен.
23. Дәлелді себептермен педагог қызметкер көрсетілген уақытта тестілеуден өте алмаса бұл туралы аттестаттау комиссиясына тиісті құжаттарды растай отырып тестілеу өткізу аяқталғанға дейін хабарлауы керек.
Дәлелді себептер болып мыналар табылады:
1) ұзақ уақыт еңбекке жарамсыз болуы;
2) жүктілік және бала туу, баланы күту бойынша демалыста болуы;
3) іссапарда, мамандығы бойынша шетелде жұмыста болуы;
4) тоқтатқан себептеріне қарамастан, біліктілік санаты берілген лауазымдағы қызметіне қайта келуі.
РҚАО-ның ескертуі!
24-тармақтың күші 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.02.09 N 49 Бұйрығымен.
24. Зейнеткерлік жасына жеткен, бірақ еңбек қызметін жалғастырушы тұлғалар жалпы негізде біліктілік тестілеуден өтеді. Аталған қызметкерлер аттестаттаудың кейінгі кезеңдерінен тестілеудің оң нәтижелерін алған жағдайда, босатылады.
РҚАО-ның ескертуі!
25-тармақтың күші 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.02.09 N 49 Бұйрығымен.
25. Аттестаттау комиссиясы педагогикалық қызметкерді аттестаттаудың екінші кезеңіне тестілеудің оң нәтижелерін алған жағдайда жібереді:
әр тест бойынша дұрыс жауап 60%-дан 74%-ға дейін болса - екінші біліктілік санатқа;
әр тест бойынша дұрыс жауап 74%-дан 85%-ға дейін болса - бірінші біліктілік санатқа;
әр тест бойынша дұрыс жауап 85%-дан жоғары болса - жоғары біліктілік санатқа.
26. Білім беру ұйымдарында екінші, бірінші, жоғары біліктілік санаттарына педагог қызметкерлерді аттестаттаудың екінші кезеңі аттестатталушының педагогикалық қызметі қорытындыларын талдамалық жалпылауды ұсынады және мыналарды қамтиды:
1) ұсынылатын материалдың негізінде талдау (жеке төлқұжаттың көшірмесі, жоғары немесе техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі білім туралы дипломның көшірмесі, еңбек кітапшасының көшірмесі, біліктілік тестілеудің сертификатының көшірмесі және педагог қызметкерге біліктілік санаттарын беру туралы куәліктің көшірмесі, біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы құжаттардың көшірмесі, оның ішінде мамандығы бойынша, тәжірибені тарату және оның енгізу мен қолдану перспективасы туралы біліктілікті арттыру және қайта даярлау институттарының ғылыми кеңесі шешімінің көшірмесі, педагог қызметкердің және білім алушылардың жетістіктерін марапаттау материалдарының көшірмесі, аспа басылымының бірінші бетінің және мазмұнының көшірмесі, қоса берілген ғылыми-әдістемелік жарияланым көшірмесі, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары);
2) педагог қызметкердің әдістемелік шеберлік деңгейін және коммуникативтік мәдениетін анықтауды (ғылыми-әдістемелік және зерттеушілік қызметі): республика, облыс, аудан (қала), мектеп деңгейіндегі конференция, семинар, әдістемелік бірлестік, шығармашылық топтардағы жұмыс); ақпараттық және компьютерлік технологияларды меңгере отырып, қызметкердің ақпараттық кеңістікті еркін пайдалануы; сабақтарға қатысу арқылы педагогикалық тәжірибесін зерделеу, әңгімелесу, бұқаралық ақпарат құралдарындағы және ғылыми-әдістемелік журналдардағы мақалалары; (8-11 (9-12) сынып білім алушыларының, ата-аналардың, педагогтардың арасында жүргізілген тәуелсіз сауалнамасын).
3) соңғы 3 жылдағы білім алушылардың үлгерімі мен жетістіктерінің мониторингісі және салыстырмалы талдауын;
4) білім беру ұйымдарын аттестаттау комиссиясының қорытынды шешімін жасау (аттестатталушының біліктілік картасы, аттестаттау парағы (осы Ережеге N 6-қосымша ), педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру туралы білім беру ұйымының кепіл хаты), әдістемелік күннің сараптамасы (білім ұйымы түрін өзі анықтайды) аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің, облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім департаменттерінің әдістемелік кабинеттері (біліктілікті арттыру институттары).
27. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары оқу орнының педагог қызметкерлерін аттестаттау бір кезеңде өткізіледі, және ол аттестатталушының педагогикалық қызметін сараптаудың тәуелсіз нысаны, педагог қызметкерлердің лауазымының біліктілік сипаттамасына сәйкес педагог қызметкерлер қызметінің қорытындысын талдамалы қорытындылауды білдіреді.
1) материалдардың сараптамасы, біліктілік арттыру курсынан, оның ішінде мамандығы бойынша өту туралы құжаттардың көшірмесі, педагог қызметкерлерді марапаттау және оқушылар жетістіктері материалдарының көшірмесі, баспа басылымының және мазмұнының бұқаралық ақпарат құралдары материалдарының көшірмесі қоса берілетін ғылыми-әдістемелік жарияланымдардың көшірмесі.
2) педагог қызметкердің әдістемелік шеберлік деңгейін және коммуникативтік мәдениетін анықтау (ғылыми-әдістемелік және зерттеушілік қызметіне қатысуы, ақпараттық және компьютерлік технологияларды меңгеру негізінде қызметкердің ақпараттық кеңістікте еркін бағдарлануы; сабақтарға қатысу, әңгімелесу арқылы педагогикалық тәжірибесін зерделеу, бұқаралық ақпарат құралдарындағы және ғылыми-әдістемелік журналдардағы мақалалары; білім алушылардың арасындағы тәуелсіз сауалнамасын).
3) соңғы 3 жыл негізіндегі білім алушылардың білімі мен жетістіктерінің мониторингісі және салыстырмалы талдауын;
4) білім беру ұйымдарындағы аттестаттау комиссиясының қорытындысы.
28. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пәндерінің оқытушыларын аттестаттау мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдары педагог қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
29. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру оқу орындарының педагог қызметкерлері лауазымының біліктілік сипаттамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
30. Жоғары оқу орындарының педагог қызметкерлерін аттестаттау жоғары оқу орындарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлер лауазымдарының біліктілік сипаттамасына сәйкес (ғылыми жұмыскерлердің профессорлық-педагогикалық құрамы) жүзеге асырылады.
31. Орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері (мұғалімдер) аттестаттаудан штаттық кестемен белгіленген және мамандығы бойынша жеке еңбек шартында (жұмысқа қабылдау туралы бұйрық) көрсетілген лауазымы бойынша өткізіледі.
Педагог қызметкерлер (мұғалімдер) оқытатын пәндер бір біліктілік ретінде оның дипломында (физика мен математиканың мұғалімі, химия мен биологияның мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі және тағы басқалар) көрсетілген пәнмен сәйкес келген жағдайда аттестаттау дипломда көрсетілген біліктілігіне сәйкес пәндерді көрсете отырып, негізгі лауазымы бойынша бірыңғай санат беру арқылы өткізіледі.
Дипломда негізгі мамандық ретінде көрсетілмеген қос пәндерді оқытқан жағдайда (математика мамандығы бойынша физика-математика факультетін бітірген, бірақ "физика" мамандығы бойынша сабақ жүргізсе және тағы басқа) педагог қызметкер қос пән бойынша қайта даярлау курстарынан өткендігін ескере отырып жалпы негізде аттестаттаудан өтеді.
Мемлекеттік тілді оқытатын, бірақ тиісті кәсіптік білімі жоқ педагог қызметкерлер "Қазақ тілі" пәні бойынша аттестаттаудан өтуі керек.
Шағын жинақталған мектептердегі, мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру қызметін көрсететін ұйымдардағы пәндерден сабақ беретін педагог қызметкерлер дипломында көрсетілген мамандығы бойынша және білім беру ұйымдарындағы педагог кадрларды қайта даярлайтын арнайы факультеттері мен курстарында алған қосымша мамандықтары ескеріле отырып аттестаттаудан өтеді.
Лауазымдарды қоса атқаратын барлық басқа жағдайларда педагогикалық қызметкер (мұғалім) қоса атқарылатын лауазым бойынша осы Ереженің 40-тармағының 3-тармақшасының 4-абзацында көрсетілген шарттарға сай аттестаттаудан өтеді.
Бейіні бойынша кәсіптік білімі бар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында әлеуметтік-экономикалық, жалпы, кәсіптік және арнаулы пәндерден оқытатын педагог қызметкерлер аттестаттаудан арнаулы пәндер оқытушысының лауазымы бойынша өтеді.
32. Аттестаттау комиссиясы әрбір педагог қызметкер бойынша мынадай қорытындылардың бірін шығарады:
1) тиісті санаттың (лауазымының) белгіленген біліктілік деңгейінің талаптарына сәйкес келеді;
2) тиісті санаттың (лауазымның) біліктілік талаптарына сәйкес келеді;
3) тиісті санаттың (лауазымның) біліктілік талаптарына сәйкес келмейді.
33. Педагог қызметкерлерге 2-санатты беру (төмендету, бекіту) туралы шешімді білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясы бекітеді.
Педагог қызметкерлерге бірінші санатты беру (бекіту, төмендету) туралы шешімді тікелей білім беру ұйымдарын басқару органдарының аттестаттау комиссиясы бекітеді.
Педагог қызметкерлерге жоғары санатты беру (бекіту, төмендету) туралы комиссияның шешімін облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім департаменттерінің аттестаттау комиссиялары бекітеді.
Республикалық бағыныстағы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне жоғары, бірінші санаттарды беру (төмендету, бекіту) туралы шешімді білім беру саласындағы уәкілетті органның аттестаттау комиссиясы бекітеді.
Басқа ведомстволардың білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне жоғары, бірінші санаттарды беру (төмендету, бекіту) туралы шешімді осы ведомстволардың аттестаттау комиссиялары бекітеді.
34. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында педагог қызметкерлердің белгіленген біліктілік лауазымының талаптарына сәйкестігі туралы шешімді білім беру саласындағы уәкілетті органның аттестаттау комиссиясы бекітеді.
35. Жоғары оқу орындарындағы қойылған біліктілік талаптарына педагог қызметкердің сәйкестігі туралы шешімді білім беру ұйымдарының аттестаттау комиссиясы шешеді.
36. Аттестаттау комиссиясының шешімі хаттамамен және аттестаттау парағына тиісті жазбамен ресімделеді.
Хаттама мен аттестаттау парағына төраға, хатшы және дауыс беруге қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерінің қолдары қойылады.
37. Шешім егер комиссия отырысына кемінде 2/3 оның мүшесі қатысқан жағдайда қабылданды деп есептеледі.
38. Дауыс беру нәтижелері қорытынды отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен анықталады. Дауыс тең болған жағдайда Төрағаның даусы шешуші болып табылады.
39. Аттестаттау комиссиясы аттестаттау нәтижелерімен бірге аттестаттау комиссиясының шешімдері туралы хаттама мен жоғары, бірінші және екінші санатты беруге арналған қызметкерлердің аттестаттау парағының көшірмесін білім беру ұйымдарының басшысына және кадр қызметіне ұсынады.
40. Осы Ережеге сәйкес меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім, қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері өзінде бар біліктілік санаттарының қолданылу мерзімі өткенге дейін, бұрынғыдан жоғары біліктілік санатқа мынадай жағдайларда өтуі мүмкін:
1) жоғары біліктілік санатқа:
өз пәндері бойынша олимпиадалар, конкурстар, көрмелер (республикалық, халықаралық деңгейдегі облыстық, Астана, Алматы қалалық) жүлдегерлерін дайындағандар;
педагогикалық шеберлік конкурстарының жеңімпаздары, конференциялардың, семинарлардың (облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі) қатысушылары болып табылатындар; облыстық немесе республикалық деңгейде жұмыс тәжірибесі пысықталған тұлғалар;
өндірістен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарына педагогикалық қызметке ауысқан және бейіні бойынша кемінде 5 жыл өндірістік жұмыс өтілі бар тұлғалар.
2) бірінші біліктілік санатқа:
педагогикалық шеберлік конкурстарының жеңімпаздары, конференциялардың, семинарлардың (аудандық, қалалық деңгейдегі) қатысушылары болып табылатындар;
аудандық (қалалық) деңгейде тәжірибесі пысықталған адамдар;
өндірістен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарына педагогикалық қызметке ауысқан және бейіні бойынша кемінде 3 жыл өндірістік жұмыс өтілі бар тұлғалар;
3) екінші біліктілік санатқа:
кәсіптік жоғары оқу орнын "үздік" бітірген, бір жылдан кем емес педагогикалық өтілі бар тұлғалар;
кәсіптік орта оқу орнын "үздік" бітірген, бір жылдан кем емес педагогикалық өтілі бар тұлғалар;
пән бойынша тиісті білімі жоқ, бірақ шығармашылық есеп немесе оқу-әдістемелік әзірлемені қорғаған және республикалық, облыстық (қалалық) біліктілікті арттыру институттарында біліктілік арттыру курстарынан өткен тұлғалар;
өндірістен орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарына педагогикалық қызметке ауысқан және бейіні бойынша кемінде 2 жыл өндірістік жұмыс өтілі бар тұлғалар аттестаттаудан өтуі мүмкін. Егер педагог қызметкерге өтініш білдірген біліктілік санаты берілмесе, оның бұрынғы санаты қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
41. Педагог қызметкерлер біліктілік санаттарының қолданылу мерзімі өткеннен кейін, олардың өтініші негізінде бір жылдан артық емес мерзімге мынадай жағдайларда ұзартылады:
1) уақытша еңбекке жарамсыздығы;
2) жүктілік және бала туу, баланы күту бойынша демалыста болуы;
3) іссапарда, мамандығы бойынша шетелде жұмыста болуы;
4) тоқтатқан себептеріне қарамастан, біліктілік санаты берілген лауазымдағы қызметіне қайта келуі.
Педагог қызметкердің біліктілік санатының қолдану мерзімі аяқталған жағдайда, зейнеткерлік жасқа дейін 4 жылдан аз болса, оның біліктілік санаты зейнеткерлік жасқа жеткенше сақталады, егер педагог қызметкер педагогикалық қызметін зейнеткерлік жасқа толған мерзімнен бастап тоқтатқан жағдайда ол туралы аттестаттау комиссиясына хабарлайды.
42. Аттестаттау барысында өзінде бар біліктілік санатын растамаған қызметкерге уақыты өтіп кеткен жағдайда тиісті аттестаттау комиссиясының шешімімен біліктілік санаты бір деңгейге төмендетіледі.
43. Аттестаттау комиссиясының шешіміне келіспеген жағдайда аттестатталушы сот тәртібі арқылы шағымдануға құқылы.
4. Аттестаттаудың қорытынды рәсімдері
44. Білім беру ұйымының басшысы аттестаттау комиссиясы шешімінің негізінде бір ай мерзімде педагог қызметкерлерге тиісті біліктілік санаттарын беру туралы бұйрық шығарады.
45. Аттестаттау аяқталғаннан кейін біліктілік санатын беру туралы (осы Ережеге N 7-қосымша )/біліктіліктің белгіленген деңгейінің талаптарына сәйкестігі туралы (осы Ережеге N 8-қосымша ) куәлік беріледі. Куәлік Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында бес жыл бойы өз күшінде болады.
Бірінші және жоғары біліктілік санатының куәліктеріне білім беруді басқару органдары басшысының, екінші біліктілік санатының куәліктеріне білім беру ұйымы басшысының қолы қойылып, мөрмен расталады.
Куәліктерді беру журналда (осы Ережеге N 9-қосымша ) тіркеледі.
Педагог қызметкерлерді
аттестаттау ережесіне
1-қосымша
Үлгі
___________________________________________________________________
(аттестаттау комиссиясының атауы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(Педагог қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
ӨТІНІШ
Мені 200_ жылы аттестаттауыңызды __________________________________
лауазым бойынша біліктілік санаты _____________
___________________________________________________________________
Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесімен таныстым
___________________________________________________________________
(біліктілік санатының болуы, мерзімі)
Өтініште көрсетілген біліктілік санатына аттестаттау үшін мынадай жұмыс нәтижелерін негіздеме ретінде санаймын:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
Білімі ____________________________________________________________
(қандай білім беру ұйымын бітірді, бітірген жылы, мамандығы,
қандай біліктілік алды)
___________________________________________________________________
Мамандығы бойынша жұмыс өтілі _____________________________________
Осы лауазымдағы жұмыс өтілі _______________________________________
Осы білім беру ұйымындағы жұмыс өтілі _____________________________
Наградалары, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы _________________
___________________________________________________________________
200_ж. "_____" ____________________ ______________________________
(Қолы)
Педагог қызметкерлерді
аттестаттау ережесіне
2-қосымша
Үлгі
Аттестаттау комиссиясының төрағасына_______________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(сәйкес келетін білім департаментінің атауы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(мамандығы көрсетілген педагог қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты)
ӨТІНІШ
Мені мына мамандық бойынша біліктілік тестілеуге жіберуіңізді сұраймын___________________________________________________________
Мамандығы бойынша еңбек өтілі _____________________________________
Жалпы еңбек өтілі__________________________________________________
Біліктілік санаты _________________________________________________
_____________________
(қолы)
_____________________
(толтырылған күні)
Педагог қызметкерлерді
аттестаттау ережесіне
3-қосымша
Үлгі
___________________________ауданы (қаласы)
N__________________________ мектебінің педагог қызметкерлерін
біліктілік тестілеу нәтижесінің 200__жылғы "__" ____________
N хаттамасы
N |
Тегі, аты, әкесінің аты |
Тестілеудің нәтижелері |
Ұсынылды |
||||
маман- |
ҚР заң- |
педагоги- |
білім беру |
Оқытудың әдісте- |
|||
Қолдар
Аттесттаттау комиссиясының төрағасы______________________
Хатшы____________________________________________________
Комиссия мүшелері________________________________________
Ұлттық бірыңғай тестілеу пунктінің директоры_____________
Мөрдің орны
Елді мекен_______________________________________________
Берілген күні "___" ____________ 200__жыл
Педагог қызметкерлерді
аттестаттау ережесіне
4-қосымша
Үлгі
Біліктілік тестілеуден өту туралы
СЕРТИФИКАТ
Аталған сертификат
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________ мамандығы бойынша берілді
Тестілеудің мынадай нәтижелерін көрсетті:
- Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуі ___________________%.
- педагогика және психологияны білуі _____________________________%
- оқу бағдарламалары мен пән салаларының мазмұны _________________%
- оқытудың әдістері мен технологияларын білуі_____________________%
Сертификат 200__ "___" ____________ дейін жарамды
Қолдар
Аттестаттау комиссиясының төрағасы ________________________________
Хатшы _____________________________________________________________
Комиссия мүшелері__________________________________________________
Ұлттық бірыңғай тестілеу пунктінің директоры ______________________
Мөрдің орны
Елді мекен_____________________________
Берілген күні "___" ________ 200__ жыл
Педагог қызметкерлерді
аттестаттау ережесіне
5-қосымша
Үлгі
Біліктілік тестілеуден өтуі жөніндегі
сертификаттарды беру туралы
сертификаттың |
Тегі, аты, |
Аудан (қала) |
мамандығы |
кестенің жалғасы
Тестілеудің нәтижелері |
Тесті- |
Серти- |
Серти- |
|||
ҚР заң- |
педаго- |
білім |
Оқыту |
|||
Аттестаттау комиссиясының төрағасы__________________________
Хатшысы_____________________________________________________
Комиссия мүшелері___________________________________________
Мөрдің орны
Педагог қызметкерлерді
аттестаттау ережесіне
6-қосымша
Үлгі
___________________________________________________________________
(министрліктің немесе ведомствоның атауы)
___________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
АТТЕСТАТТАУ ПАРАҒЫ
___________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты - санаты көрсетілген лауазымы)
___________________________________________________________________
Туған күні мен жылы ______________ұлты_____________________________
Педагогикалық өтілі _______________________________________________
Атқарып отырған лауазымы бойынша еңбек өтілі ______________________
Аталған білім беру ұйымындағы жұмыс өтілі
___________________________________________________________________
(Қандай оқу орнын бітірді және қашан, алған мамандығы және
біліктілігі) ______________________________________________________
Біліктілігін арттыруы туралы мәлімет_______________________________
Мерзімі, атауы, өту орны
куәліктің N________________________________________________________
Біліктілік тестілеуден өткендігі туралы мәлімет
Тестілеуден өткен мерзімі__________________________________________
Тестілеуден өткен орны ____________________________________________
___________________________________________________________________
_________________________Сертификаттың N
Тестілеудің нәтижелері:
- Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуі ____________%.
- педагогика мен психологияны білуі ____________%
- білім беру бағдарламалары мен
пәндік салаларын білуі ____________%
- оқытудың әдісі мен технологияларын білуі ____________%
Наградалары, атағы, ғылыми атағы мен дәрежесі ____________
___________________________________________________________________
Жұмысы туралы пікір _______________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясының тұжырымы_____________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Білім беру ұйымының басшысы____________________________
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Комиссия мүшелері _________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Жұмыс туралы пікірмен және тұжырымдамамен таныстым
________________________
(аттестатталушының қолы)
200__ жылғы "__"__________.
Аттестаттау комиссиясының шешімі
200__жылғы "__"____________.
__________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясының төрағасы
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Аттестаттау комиссиясы төрағасының орынбасары
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Хатшы_____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Комиссия мүшелері
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Педагог қызметкерлерді
аттестаттау ережесіне
7-қосымша
Үлгі
Біліктілік санатын беру туралы
КУӘЛІК
Осы куәлік аттестаттау комиссиясының "___" шешіміне сәйкес
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________________________________
(білім беру ұйымының толық атауы)
200 ж "__"___________________N____бұйрығымен
__________________________________________________________________
лауазымның атауы мен санаты жазбаша
__________________________________________________________________
оған біліктілік санаты берілді
Аттестаттау комиссиясының төрағасы _______________________________
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Аттестаттау комиссиясының хатшысы_________________________________
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Мөрдің орны
Тіркеу нөмірі ________200__ ж "__"_______________
(Берілген күні)
Педагог қызметкерлерді
аттестаттау ережесіне
8-қосымша
Үлгі
Белгіленген біліктілік санатының талаптарына
сәйкестігі туралы КУӘЛІК
Осы куәлік аттестаттау комиссиясының "___" шешіміне сәйкес
_________________________________
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________________________________
(білім беру ұйымының толық атауы)
200 ж "__"___________________N____бұйрығымен
__________________________________________________________________
(лауазымның атауы мен санаты жазбаша)
__________________________________________________________________
белгіленген біліктілік санатының талаптарына сәйкестігі туралы берілді
Аттестаттау комиссиясының төрағасы _______________________________
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Аттестаттау комиссиясының хатшысы_________________________________
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Мөрдің орны
Тіркеу нөмірі ________200__ ж "__"_______________
(Берілген күні)
Педагог қызметкерлерді
аттестаттау ережесіне
9-қосымша
Үлгі
Қызметкерлерге біліктілік санаты берілгені
туралы/белгіленген біліктілік санатының талаптарына
сәйкестігі туралы куәліктерді тіркеу журналы ____________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
N |
тегі, |
Лауазымы |
Аттес- |
Білікті- |
Куәліктің |
Куәлік |