Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсатты алуға қажеттi құжаттардың тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 170 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 4 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5206 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 9 наурыздағы № 92 бұйрығымен.

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.29  N 792  (2008 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 23, 288-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібінде:

      3-тармақтың 16) тармақшасындағы "шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға" деген сөздерден кейін (;) қойылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
      "17) Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығында жұмыс істейтін, өз қызметін Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығы жұмысының жағдайлары туралы келісім негізінде жүзеге асыратын адамдарға".

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов