Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012.10.05 № 362 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 4) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ аумағына заңды тұлғаларды жіберу рәсімдерін оңайлату мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жеке және заңды тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыруға жіберу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 15 қазандағы N 302 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4986 тіркелген, 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 197 (1400) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
"Жеке және заңды тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыруға жіберу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 15 қазандағы N 302 бұйрығымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыруға жіберу ережелерінде:
5-тармақта:
2) тармақша алынып тасталсын;
4) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) өнімге және онымен байланысты өмірлік цикл үрдістеріне:
егер олар міндетті техникалық реттеуге іліккен жағдайда, техникалық регламенттерге және олармен үйлестірілген мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттарға;
егер олар міндетті техникалық реттеуге ілікпеген жағдайда, мемлекеттік, өңірлік және халықаралық стандарттарға сәйкес болуы.";
6, 7, 8, 9, 10-тармақтар алынып тасталсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. АЭА қатысушысы ретінде рұқсат алуға үміткер заңды тұлға АЭА әкімшілігіне тікелей немесе осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім беру арқылы.";
12-тармақта:
3) тармақша алынып тасталсын;
4) тармақшада "куәлігінің көшірмесі" деген сөз "куәландыратын құжаттардың көшірмесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) салық төлеушінің тіркелген нөмірінің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе салық төлеушінің сәйкестендірілген нөмірі. Егер заңды тұлға Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген болса, онда осы Қазақстан Республикасының салық органдарында салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуде тұрмайтындығы туралы анықтамасының түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі ұсынылады;";
8), 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"8) соңғы қаржылық жыл үшін бірінші басшының немесе оны ауыстыратын адамның, сондай-ақ бас бухгалтердің (бухгалтердің) қолы қойылған бухгалтерлік теңгерімінің түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Бухгалтерлік теңгерімінің түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі мынадай жағдайда ұсынылмайды, егер заңды тұлға құрылғанынан бір қаржылық жыл өтпеген болса;
9) өтініш беруші-ұйымның (картатека және несиелік берешегі бойынша анықтама) соңғы жыл ішінде шоттар бойынша айлық орташа айналымын көрсете отырып, қаржылық жағдайы туралы қызмет көрсететін банктің анықтамасы. Егер заңды тұлға құрылған сәттен бастап бір қаржылық жыл өтпеген жағдайда өтініш беруші-ұйымның қаржылық жағдайы туралы қызмет көрсететін банктің анықтамасы ұсынылмайды;";
10) тармақша алынып тасталсын;
11), 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"11) салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің бар болуы/болмауы туралы тіркеу орнының есебі бойынша салық органының анықтамасы. Егер заңды тұлға Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген болса, онда Қазақстан Республикасының салық органдарында салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуде тұрмайтындығы туралы анықтамасының түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі ұсынылады;
12) шығыстар мен кірістерге талдауы бар жобаның экономикалық негіздемесі;";
мынадай мазмұндағы 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын:
"13) АЭА-ның әлеуетті қатысушысы заңды тұлғасының акционерлерінің кепілді міндеттемелері;
14) АЭА-ның әлеуетті қатысушысы заңды тұлғасының негізгі ұйымының кепілдемесі.
Егер заңды тұлға Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын болса, аталған нотариалдық куәландырылған құжаттарды мемлекеттік және/немесе орыс тіліне міндетті түрде аудара отырып ұсынады.";
13-тармақ алынып тасталсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Өтінім ұсынылғаннан кейін АЭА-ның әкімшілігі оны өтінімді тіркеу журналына тіркейді. Өтінімді тіркеу күні оны берген күн болып табылады.
АЭА-ның әкімшілігі өтінімді өтінім журналына тіркеген күннен бастап 15 жұмыс күннен аспайтын мерзімде өтінімді қарайды;
уәкілетті және кедендік органдармен келіседі.
АЭА-ның әкімшілігінің уәкілетті және кедендік органдарымен өтінімді қарау және келісу қорытындылары бойынша АЭА аумағында қызметті іске асыруға рұқсат беру туралы немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.";
16-тармақта:
төртінші абзацтағы "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"АЭА-ның әкімшілігімен қызметті жүргізу туралы келісім жасайды (бұдан әрі - келісім).";
17-тармақта "шарттар" деген сөз "келісім" деген сөзбен ауыстырылсын;
18-тармақтың бірінші абзацында "оператор-компания" деген сөз "АЭА-ның әкімшілігі" деген сөзбен ауыстырылсын;
19-тармақ алынып тасталсын;
20-тармақтың бірінші абзацында "оператор-компанияның ұсынысы негізінде" деген сөз алынып тасталсын, "3" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
22-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Егер жеке және заңды тұлғалардың өтінімде берген АЭА-ның аумағында қызметтің түрлерін тоқтатқан немесе өзгерткен жағдайда рұқсат алуға арналған куәлігі күшін жояды.";
24-тармақта "өтінім берушімен және оператор-компания арасындағы, сондай-ақ" деген сөз алынып тасталсын;
25-тармақта ", сондай-ақ АЭА аумағында қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың" деген сөз алынып тасталсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы К. Әблезов
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
2008 жылғы 4 наурыз