Мемлекет қатысатын Ұлттық компаниялардың 2009-2011 жылдарға арналған жоспарлары бөлімдерінің құрылымын, көрсеткіштер нысандары мен тізбелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2008 жылғы 4 ақпандағы N 7 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 21 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5147 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 177 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 478 Бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 11.12.2014 № 58 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы N 02-01-02/5"Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 10 қаңтардағы N 5084 тіркелген, 2008 жылғы 15 және 25 қаңтардағы N 8-15 (24987), N 25 (24997) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарында:
      бүкіл мәтін бойынша ", сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

       Төраға