Білім беру ұйымдарының тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) ақылы негізде ұсынуына арналған үлгі шарттың нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы N 21 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 14 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5136 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 шілдедегі N 253 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 03.07.2013 N 253 бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының  63-бабының 6-тармағын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарының тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) ақылы негізде ұсынуына арналған үлгі шарттың нысаны бекітілсін.

      2. Қаржы департаменті (Т. Нұрғожаева) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшыға жүктелсін.

       Министр

                                       Қазақстан Республикасы Білім
                                           және ғылым министрінің
                                          2008 жылғы 18 қаңтардағы
                                         N 21 бұйрығымен бекітілген

Білім беру ұйымдарының тауарларды (жұмыстарды,
қызметтерді) ақылы негізде ұсынуына арналған
үлгі шарттың нысаны

_____________________________________________________________ атынан
   (білім беру ұйымының атауы, білім беру қызметін жүргізу
____________________________________________________________________
             құқығына берілген мемлекеттік лицензия N)

бұдан әрі»"Орындаушы" деп аталатын__________________________________
                                (құрылтай құжаттардың деректемелері)
негізінде әрекет
ететін ____________________________________________________________,
        (басшының немесе өзге уәкілетті тұлғаның тегі, аты-жөні.)
бір тараптан және бұдан әрі»"Тапсырысшы"

деп аталатын _________________________ екінші тарап төмендегі туралы
         (жеке немесе заңды тұлғаның атауы)
осы шартты жасасты:

  1. Шарттың мәні

      1. Орындаушы осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы шарттың қосымшасына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) ұсыну жөніндегі міндеттерді алады.

      2. Осы Шарттың қосымшасында мынадай мәлімет болуға тиіс:
      1) ұсынылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) түрі;
      2) ұсынылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) көлемі;
      3) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) ұсыну мерзімі
      3. Тапсырысшы ұсынылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) ақысын төлеуге міндеттенеді.

  2. Тараптар құқықтары мен міндеттері

      4. Орындаушы:
      1) осы шарттың 1-тармағында көзделген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) ұсынылуын қамтамасыз етуге;
      2) Тапсырысшының талабы бойынша тапсырысшы белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктерді ақысыз жоюға міндетті.

      5. Орындаушы:
      1) осы Шартқа сәйкес Тапсырысшыдан міндеттерін тиісті дәрежеде орындауын талап етуге;
      2) егер Тапсырысшы осы шарт бойынша ақы төлеу мерзімін бұзған болса, шартты орындаудан бас тартуға құқылы.

      6. Тапсырысшы:
      1) осы Шарттың 7-тармағында көрсетілген баға бойынша ұсынылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) ақысын уақытылы төлеуге;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Орындаушының мүлкіне келтірілген материалдық шығынның орнын өтеуге;
      3) мекен-жайы, байланыс телефоны өзгерген жағдайда, ол жағдай туындаған кезден бастап 3 күндік мерзімнің ішінде Орындаушыға хабар беруге міндетті.

      7. Тапсырысшы нақты ұсынылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) көлеміне қарай шарт сомасының белгіленген бөлігін Орындаушыға төлей отырып, шартты орындаудан кез келген уақытта бас тартуға құқылы.

  3. Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) ақысының мөлшері
және төлеу тәртібі

      8. Тапсырысшы _____________________ (төлеу кезеңі көрсетілсін: ай сайын, тоқсан сайын немесе өзге де төлеу кезеңі) ______________ теңге сомасында осы шарттың 1-тармағында көрсетілген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) ақысын төлейді.

      9. Ақы мөлшері тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін, ол жағдайда осы шартқа қосымша жасалады.

      10. Төлем _____________________ (төлем түрі көрсетіледі) арқылы жүргізіледі.

      11. Осы шартпен көзделген қызметтерді көрсетуге шығындар сметасы жасалуы мүмкін, ол осы шарттың бөлігі болып табылады.

  4. Тараптар жауапкершілігі

      12. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе жартылай орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.

  5. Форс-мажор

      13. Шарт міндеттемелерінің орындалмауы осы Шарт жасалғаннан кейін болған Тараптар болжай немесе жолын кесе алмайтын форс-мажор (еңсерілмес күш жағдайлары) жағдайлардан туындаған болса, Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе жартылай орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

  6. Дауларды шешу тәртібі

      14. Осы шартты орындау процесінде туындаған даулар мен келіспеушіліктерді өзара тиімді шешім қабылдау мақсатында тараптар тікелей өздері қарастырады.

      15. Келіссөз, өзара тиімді шешім жолымен шешілмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

  7. Шарттың қолданыс мерзімі, оны өзгерту
және бұзу тәртібі

      16. Осы шарт тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және толық орындалғанға дейін қолданылады.

      17. Тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша осы шарттың талаптары өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы мүмкін.

      18. Осы шарт тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.

      19. Осы шарт тең заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалады.

  8. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен
банктік деректемелер

           Тапсырысшы                            Орындаушы
___________________________________   ______________________________
          (толық атауы)                         (толық атауы)
___________________________________   ______________________________
          (мекен-жайы)                          (мекен-жайы)
___________________________________   ______________________________
      (банктік деректемелері)              (банктік деректемелері)
___________________________________   ______________________________
         (телефон, факс)                       (телефон, факс)
___________________________________   ______________________________
         (тегі, аты-жөні)                      (тегі, аты-жөні)
___________________________________   ______________________________
            қолтаңбасы                            қолтаңбасы
       "___"_________________              "___"_________________ 

              мөр орны                              мөр орны