Облыс әкімдігінің "Әскер жасындағы азаматтарды жыл сайынғы мерзімді әскери қызметке кезекті шақырудың мәселелері туралы" 2006 жылғы 24 наурыздағы N 115 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 79 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 24 сәуірде N 2987 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2010 жылғы 25 ақпандағы N 24 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2010.02.25 N 24 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы""Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыс әкімдігінің "Әскер жасындағы азаматтарды жыл сайынғы мерзімді әскери қызметке кезекті шақырудың мәселелері туралы" 2006 жылғы 24 наурыздағы N 115 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 29 наурыздағы N 2963 тіркелген және облыстық "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі N 39 сандарында жарияланған, облыс әкімдігінің 2006 жылғы 13 қазандағы N 322 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 наурыздағы N 115 "Әскер жасындағы азаматтарды жыл сайынғы мерзімді әскери қызметке кезекті шақырудың мәселелері туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысымен енгізілген толықтырумен, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 24 қазандағы N 2974 тіркелген, облыстық "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінің 2006 жылғы 28 қазандағы N 134 сандарында жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда атап көрсетілген қаулының 1 қосымшасындағы облыстық шақыру комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
      Төремұратов Бисен Шафхатұлы - Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары;
      Нәдірғалиев Қайырғали Сапарғалиұлы - Батыс Қазақстан облысы білім департаменті директорының орынбасары;
      тиісті комиссия құрамынан Жауымбаев Бүркіт Елемесұлы, Мәсәлімов Әли Хайдарұлы шығарылсын.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Облыс әкімі