Құрманғазы ауданының әкімшілік-аумақтық бірлігіне өзгерістер енгізу туралы

Атырау облысы әкімиятының 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 93 қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 11 сәуірдегі N 389-ІІІ шешімі. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2007 жылғы 11 мамырда N 2488 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабына сәйкес, Құрманғазы аудандық әкімиятының бірлескен 2007 жылғы 28 ақпандағы N 67 қаулысы мен Құрманғазы аудандық мәслихатының 2007 жылғы 15 наурыздағы N 328-ХХХVІІ шешімі негізінде облыс әкімияты қаулы етеді және облыстық мәслихат шешім етті:
      1. Құрманғазы ауданында Қиғаш ауылдық округі құрылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы әкімінің 10.10.2014 № 315 және Атырау облыстық мәслихатының 10.10.2014 № 325-V бірлескен шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылдық округінің шекарасы жалпы ауданы 1487 гектар аумағы Қиғаш ауылдық округіне беріле отырып өзгертілсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Атырау облысы әкімінің 10.10.2014 № 315 және Атырау облыстық мәслихатының 10.10.2014 № 325-V бірлескен шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      XXІV сессиясының төрайымы,              Облыс әкімі
      облыстық мәслихат хатшысы