Бұланды және Аршалы аудандары бойынша облыстың кейбір елді мекендерінің атауларын өзгерту туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі N а-5/145 қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 27 сәуірдегі N ЗС-26-13 шешімі. Ақмола облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 25 мамырда N 3223 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбында және 1-тармақта «селосы», «селосының», «селолық» сөздері «ауылы», «ауылының», «ауылдық» деген сөздерімен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 22.05.2015 № А-5/221 қаулысымен және Ақмола облыстық мәслихатының 22.05.2015 № 5С-37-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабына сәйкес, Целиноград ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі N 76 қаулысы мен Целиноград аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 сәуірдегі N 249/38-3 шешімі және Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі облыстық комиссияның 2007 жылғы 26 сәуірдегі шешімі негізінде Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Малиновка ауылының атауы Ақмол ауылына, Малиновка ауылдық округінің атауы Ақмол ауылдық округіне өзгертілсін.
      2. Шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Осы шешім облыстық газеттерде жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі