Ерейментау және Целиноград аудандары бойынша Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 21 наурыздағы N а-4/87 қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 21 наурыздағы N ЗС-25-12 шешімі. Ақмола облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 16 сәуірде N 3219 тіркелді.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «селолық», «селосы», «селолары» «селосының» деген сөздер «ауылдық», «ауылы», «ауылдары» «ауылының» деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы" Заңының 3, 8, 11 баптарына сәйкес, Ерейментау және Целиноград аудандарының әкімдіктері мен мәслихаттарының бірлескен шешімдері негізінде және облыстық әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мақсатында Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) Ерейментау ауданы бойынша:
      Новодолинка ауылдық округінің Новодолинка ауылы өзге қоныстар категориясына ауыстырылсын және есептік деректерден алынып тасталсын:
      Целинное қонысы Новодолинка ауылдық округі Новодолинка ауылының құрамына енгізілсін.
      2) Целиноград ауданы бойынша:
      Талапкер ауылдық округінің шекарасы өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын:
      Талапкер, Қажымұқан, Қызыл суат ауылдары және N 96 разъезд шекараларында Талапкер ауылдық округі, округ орталығы Талапкер ауылы;
      Қоянды, Шұбар, Малотимофеевка ауылдары шекараларында Қоянды ауылдық округі, округ орталығы Қоянды ауылы.
      2. Осы шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Шешім облыстық газеттерде ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілсін.

      Ақмола облысының әкімі