Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 31 шілдедегі "Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт және емдеу-алдын-алу тағамдарын беру нормалары мен ережесін және Жұмыс берушінің қаража

Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 309-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 3 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5078 болып енгізілді.

       Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан  қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 31 шілдедегі "Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт және емдеу-алдын-алу тағамдарын беру нормалары мен ережесін және Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен  және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық - тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы"  N 184-ө  бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4913 тіркелген, нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, N 172) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Осы бұйрықпен бекітілген Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт және емдеу-алдын-алу тағамдарын беру нормалары мен ережесіне;

      2-қосымшада:
      Осы бұйрықпен бекітілген еңбек жағдайлары ерекше зиянды өндірістердегі жұмысқа байланысты жұмыс берушінің қаражаты есебінен емдеу-алдын алу тағамдарын алуға құқық беретін белгілі кәсіптер мен лауазымдары қызметкерлерінің тізбесінде:
      2-бөлім. Органикалық өнімдер:
      109-тармақтағы "негізгі технологиялық процеспен айналысатын жұмысшылар" сөздері "негізгі технологиялық процеспен, жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар" деген сөздермен, "А; В1; В2 дәрумендері" сөздері "4" санымен ауыстырылсын;
      111-тармақтағы "негізгі технологиялық процеспен айналысатын жұмысшылар" сөздері "зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмысшылар, басшылар, мамандар" деген сөздермен, "А; В1; В2 дәрумендері" сөздері "4" санымен ауыстырылсын;

      6-тарау мынадай мазмұндағы "112-1, 112-2, 112-3, 112-4, 112-5, 112-6, 112-7, 112-8" тармақтармен толықтырылсын:
      "112-1. Кен дайындау, кенді және кенсіз қазбаларды байыту, кесектеу (агломерациялау, кесекшелеу, түйірлеу), күйдіру
      Негізгі технологиялық процеспен, жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар  4

      112-2. Болат және ферроқорытпалар өндірісі. Металлургиялық пештердің құрамын даярлау және жөндеу.
      Негізгі технологиялық процеспен, жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар  4  

      112-3. Кокс, пекококс және термоантрацит өндірісі
      Негізгі технологиялық процеспен, жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар  4

      112-4. Коксохимия өндірісі
      Негізгі технологиялық процеспен, жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар  4

      112-5. Металл өңдеу. Құю өндірісі.
      Негізгі технологиялық процеспен, жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар  4

      112-6. Ұсталық-нығыздау өндірісі
      Негізгі технологиялық процеспен, жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар  4

      112-7. Көлік. Теміржол көлігі және метрополитен.
      Этил сұйықтығынан босаған цистерналарды жөндеумен
айналысатын жылжымалы құрамды жөндеуші слесарлар                 4
      Цистерналарды жөндеумен, толтырумен және ауыстырумен айналысатын жылжымалы құрамды жөндеуші слесарлар                 4

      112-8. Жалпы кәсіптер
      Өнеркәсіпте материалдар мен бұйымдарға сәуле түсіру радиоизотоптық дефектоскопия ауыстырмалы қондырғыларында ұдайы  және тікелей жұмыс істейтін жұмысшылар, басшылар мен мамандар    4
      Сынап аспаптарын жөндеуде бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика жөніндегі слесарлар                                   4
      Эмаль, лак және еріткіштермен ұдайы және тікелей жұмыс істейтін электротехникалық бұйымдарды ылғалдаушылар              4
      Бензин және сілті еріткіш бұйымдармен жууды қолданатын
жуу машиналарының машинистері                                    4
      Бензин және толуол қолданатын жұмыста ұдайы істейтін оқшаулаушылар                                                    4
      Пластмассадан жасалған бұйымдарды нығыздаушылар            4
      Электр жабдықтарының (электромагниттер) орамдарын және оқшауларын жөндеумен айналысатын электромонтер                   4
      Сүңгуірлер және су астында, оның ішінде жылына кемінде 275 сағат немесе суға сүңгу практикасы басталғаннан су астында болу уақыты 2750 сағат және одан көп жоғарғы ауа қысымы жағдайында жұмыс істейтін басқа да қызметкерлер                                   4
      Кемелерде резервуарлар, бактар, цистерналар және бөліктер ішінде жұмыс істейтін газбен кесушілер".                         4

      2. Еңбек және халықты жұмыспен қамту департаменті (Е. М. Рахымбергенов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуді және оның кейіннен мерзімдік баспа құралдарында белгіленген заңнамалық тәртіппен басылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С. С. Әбденовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрінің
      міндетін атқарушы
      2007 жылғы 21 желтоқсан