Жасалған консулдық іс-әрекеттер үшін алынатын консулдық алымдары ставкаларының мөлшелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N 08-1-1-1/428 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 26 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5067 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 08-1-1-1/115 бұйрығымен.

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 17.04.2013 № 77 хатымен).

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағын орындау үшін, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне, қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкалармен салыстырғанда 2008 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Үшінші
      сессияның төрайымы                         Р. Есенәлина

      Ұзынкөл аудандық
      мәслихатының хатшысы                       В. Вербовой