"Мемлекеттік республикалық меншік объектілерін сенім білдірілген басқаруға беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2005 жылғы 12 шілдедегі N 265 бұйрығына өзгерісте

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N 461 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 25 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5056 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 16 тамыздағы № 414 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 03.07.2013 N 12/139-V шешімімен.

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің  92-бабына , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 17 шілдедегі  N 24/385-ІІІ шешіміне (N 2455 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелген, "Дидар" газетінің 2007 жылғы 4 қыркүйектегі N 107, "Рудный Алтай" газетінің 2007 жылғы 4 қыркүйектегі N 132 сандарында жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесіндегі:

       4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Ереже халықты орталықтандырылмаған сумен жабдықтау бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ жеке мұқтаждықтарына ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін су объектілерін пайдаланатын заңды және жеке тұлғаларға да таралады.";

      6-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "8. Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде су алған кезде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитет төрағасының 2006 жылғы 17 ақпандағы N 29 бұйрығымен бекітілген, N 4124 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелген Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде заңды және жеке тұлғалармен пайдаланылатын су объектілерін тіркеу  ережелеріне сәйкес су объектісін тіркеу жүргізіледі."; 

      12-тармақтағы:
      "2005 жылғы 13 мамырдағы N 229" сөздерінен кейін мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
      ", N 3720 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелген."; 

      13-тармақ алынып тасталсын;

      14-тармақтағы "тиіс" сөзі алынып тасталсын, "орнатылуы" сөзі "орнатылады" сөзімен ауыстырылсын;

      15, 16, 20, 25-тармақтар алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

       Сессияның төрағасы

      Шығыс Қазақстан облыстық
      мәслихатының хатшысы