Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 286 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 30 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5019 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 30 наурыздағы N 91 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иеліктен алынатын құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) мемлекеттің сатып алуы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі N 789  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иеліктен алынатын құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) мемлекеттің сатып алуы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Мыңбаев                   - Қазақстан Республикасының
Сауат Мұхаметбайұлы         Энергетика және минералдық
                            ресурстар министрі, төраға

Ерғожин                   - Қазақстан Республикасының
Дәулет Еділұлы              Қаржы вице-министрі

Ыбыраев                   - Қазақстан Республикасының
Азамат Болатұлы             Премьер-Министрі Кеңсесінің
                            Индустриялық-инновациялық даму
                            бөлімінің меңгерушісі

      көрсетілген құрамнан Смайылов Әлихан Асханұлы, Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Шыналиев Ғазиз Қоршабекұлы шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі