Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.03.29 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мақсатында, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 148 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 1720 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, N 7-8, 542-құжат, "Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 148 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 20 қарашадағы N 167 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 2083 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 4, 784-құжат 2004 жылғы 20 маусым N 154, "Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 148 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 27 мамырдағы N 154 бұйрығымен, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 2878 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2004 жыл, N 25-28, 940-құжат, "Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 148 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 8 маусымдағы N 173 бұйрығымен, N 1920 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 2904 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2004 жыл, N 25-28, 943-құжат, "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына қылмыстық-атқару жүйесінің қоныс-колонияларының қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 24 тамыздағы N 240 бұйрығымен, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 3061 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына қылмыстық-атқару жүйесінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 12 мамырдағы N 128 бұйрығымен, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 3655 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына қылмыстық-атқару жүйесінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 345 бұйрығы, 2006 жылғы 24 ақпанда N 33-34 Заң газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде N 4053 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінде (бұдан әрі - Ереже ):
4-тармақтың екінші бөлімдегі "киімі," деген сөзден кейін "сотталғандардың суреті, сауалнама деректерінің жеке ісі бойынша анықтаманың сәйкес келмеуі," деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтағы "медициналық тексеру" деген сөздерден кейін "." деген тыныс белгісі "," деген тыныс белгісіне ауыстырылсын, "ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандар үшін карантинде болу мерзімі 30 күнге дейін белгіленеді." деген сөйлем мынадай сөздермен ауыстырылсын:
"Мекеме психологтары жаңа келген сотталғандардың жеке тұлғасын зерттеу, оларды жаңа жағдайға бейімдеу бойынша жұмыс жүргізеді. Өз-өзіне қол жұмсауға, мүшесін зақымдауға және басқа да заңсыз әрекеттерге бейім адамдарды анықтайды. Зерделеу нәтижелері бойынша жаңа келген сотталғанның әрбіріне психологиялық портрет құралады, олармен жұмыс істеу жөнінде түзеу мекемесінің қызметіне тиісті ұсынымдар енгізеді.";
7-тармақта "міндеттерімен" деген сөзден кейін "қолын қойып" деген сөзбен толықтырылсын;
10-тармақта:
2) тармақшада "жаза түрін" деген сөзден кейін ", сондай-ақ жазаны өтеу тәртібі мен шарттарының өзгеруі туралы" деген сөзбен толықтырылсын;
9) тармақшада "аспаптарды" деген сөзден кейін "күн тәртібінде белгіленген уақытта" деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақшада "зейнетақы," деген сөзден кейін "және әлеуметтік жәрдемақы" деген сөздермен толықтырылсын;
13) тармақшада "ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарды қоспағанда" деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Жасақтарда ұйықтайтын орындарды белгіленген күн тәртібіне сәйкес ұйықтау кезеңінде ғана пайдалануға рұқсат етіледі.";
15) тармақшада "қауіпсіздігіне" деген сөзден кейін "." деген тыныс белгісі "," деген тыныс белгімен ауыстырылсын және мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
", сотталғандардың құқығын жүзеге асыру кезінде жазаны өтеудің тәртібі мен шарты бұзылмауы, сондай-ақ басқа адамдардың құқығы мен заңды мүдделеріне қысым жасалмауы керек.";
мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
"16. Қауіпсіз және талаптарға сай келетін еңбек жағдайларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы алуға";
11-тармақта:
9) тармақша "ақысыз" деген сөздің алдынан "қылмыстық-атқару заңнамасында белгілеген тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақша "жазасын өтеудің қатаң жағдайларында," деген сөздерден кейін "карантин бөлімшесінде" деген сөздермен толықтырылсын;
12) "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгімен ауыстырылсын және мынадай мазмұндағы 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын:
"13) профилактикалық медициналық тексеруден және мәжбүрлеп емдеу курсынан, оның ішінде туберкулезбен, жұқпалы дертпен ауырған, сондай-ақ АҚТҚ/ЖҚТБ жұқтырған кезде өтуге;";
"14) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;";
12-тармақта:
12) тармақша "қабырғаларға," деген сөздің алдынан "басқа сотталғандармен жеке заттарын айырбастауға," деген сөздермен толықтырылсын;
18) тармақшадағы мемлекеттік тілдегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;
20) тармақшадағы "алкогольдi" деген сөз "алкоголь өнімін" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-5 тармақта:
"міндетті." деген сөздің алдынан мынадай мазмұндағы 3), 4) тармақшалармен толықтырылсын:
"3) тұрғылықты жерінің мекен-жайы өзгергені туралы уақтылы хабарлауға;
4) негізгі жұмысынан бос уақытта ТМ өткізетін барлық мәдени-бұқаралық, спорттық іс-шараларға қатысуға";
12-7 тармақта:
бірінші бөлімдегі "елді мекеннің" деген сөздерден кейін "тиісті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"Қоныс-колониясының әкімшілігі сотталғанды жұмыс объектісінен мынадай жағдайларда:
қылмыстық-атқару жүйесінің жоғары тұрған органдарының жазбаша нұсқауы бойынша;
оның босатылған кезінде;
төтенше немесе әскери жағдай енгізілген кезде;
сотталғанның жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзған кезде;
жұмыс берушінің еңбек шарты бойынша міндеттемелерін орындамаған кезде шақыртып алуға міндетті.";
12-8 тармақтағы "елді мекеннің" деген сөздерден кейін "тиісті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақ "қызметiн" деген сөздің алдынан "қылмыстық-атқару заңнамасында және осы Ережеде реттелмеген" деген сөздермен толықтырылсын;
18-тармақ "реттелген" деген сөзден кейін ", орындау мен сақтау үшін міндетті" деген сөздермен толықтырылсын;
20-тармақ "күн тәртiбiн (3-қосымша)" деген сөздер "күн тәртiбi (3-қосымша) стенд түрінде ресімделеді және көзге түсетін жерге (плацқа, жасақ үй-жайларына, карантин бөлмесіне) орнатылады не ілінеді, оны" деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақта;
"бұл ретте" деген сөздерден кейін "карточкасы, тегі бойынша тексеру жүргізіледі,)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
"Тыйым салынған бұйымдардың өтіп кетуіне жол бермеу мақсатында, сотталғандар жіті қаралады немесе тінтіледі.";
"Тамақтану" 6-тарауы мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
"28-1. Ас ішер алдында сотталғандар сыртқы киімдерін шешеді.";
29-тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Жеке қабылдау сотталғандарды алдын-ала жазбаша берген өтініші бойынша жүзеге асырылады.";
33-тармақ "белгіленген орында", "тегiмен атау" деген сөздерден кейін тиісінше "- плацта" және "сотталғандарды карточка бойынша салғастыру" деген сөздермен толықтырылсын;
"Сотталғандардың бар-жоғын тексеру" деген 8-тарау мынадай мазмұндағы 36-2, 36-3-тармақтармен толықтырылсын:
"36-2. Тексеруді жүзеге асыру үшін әр сотталғанға суреті бар карточка жасалады, онда аты, әкесінің аты, тегі, туған күні, КК бабы, бас бостандығынан айыру мерзімі, мерзімінің басы мен соңы, жасақ, бригада нөмірі, ТМ келген күні көрсетіледі (18-қосымша). ТМ бастығының кезекші көмекшісі не режим қызметінің бекітілген қызметкері картотека жүргізеді. Картотека кезекші бөлімде арнайы дайындалған жәшікте сақталады.
36-3. Қашқындыққа бейім ретінде профилактикалық есепте тұрған сотталғандарды карточкалық тегі бойынша тексеру қосымша әрбір екі сағат сайын, ұйқыға арналған уақытты қоспағанда, оларды жалпы тексеру өтетін орындарында сапқа қою арқылы жүзеге асырылады.";
37-тармақ "сап бойынша", деген сөзден кейін "және белгіленген киім нысанында" деген сөздермен толықтырылсын;
42-тармақ "қызмет кәсіпорындарының" деген сөздерден кейін "денсаулық сақтау органдары медициналық мекемелері," деген сөздермен толықтырылсын;
43-тармақ "аудармашы" деген сөзден кейін ", ақылы медициналық қызмет көрсету (протездеудің барлық түрлері, ішкі органдар УДЗ-і, жоспарлы хирургиялық операциялар)" деген сөздермен толықтырылсын;
"Посылкаларды, сәлемдемелердi, бандерольдарды қабылдау және сотталғандардың оларды алу тәртiбi" деген 11-тарау мынадай мазмұндағы 48-1-тармақпен толықтырылсын:
"48-1. Сәлемдемелердi, бандерольдарды және хат-хабарларды жеткізуге жауапты ТМ қызметкері оларды пошта бөлімшесінен алған кезде орамалардың, конверттердің, тапсырыс хаттарының тұтастығын тексереді. Зақым келтірілгені табылса, екі данада акті жасайды, онда зақымның сипатын жазады және пошта бөлімшесі қызметкеріне қол қойғызады. Бір данасын поштада қалдырады, екіншісін жинақтама папкіге тігеді.";
49-бап мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) жеке гигиеналық бұйымдары мен іш киім ұсталатын сәлемдемелер мен бандерольдар.";
50-тармақта "бандерольдердi ашуды және оның iшiндегiлердi ашып қарауды адресаттардың қатысуымен түзеу мекемелерiнiң қызметкерлерi жүргiзедi." деген сөздер "бандерольдердi, сондай-ақ тапсырыс хаттарын ашуды және оның iшiндегiлердi ашып қарауды адресаттардың қатысуымен жауапты қызметкер ТМ қызметкерлерiмен бірлесіп жүргiзедi." деген сөздермен ауыстырылсын;
61-тармақ "таныстырылады" деген сөзден кейін "не соттың шешімі бойынша жойылады" деген сөздермен толықтырылсын;
65-тармақта "жәшігі" деген сөзден кейін "және" сөз "немесе" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Сотталғандардың хат-хабар алмасу, ақша аударылымдарын алу және жөнелту тәртiбi" деген 13-тарау мынадай мазмұндағы 70-1-тармақпен толықтырылсын:
"70-1. Басқа ТМ-де ұсталатын адамдармен хат жазысу үшін сотталған ТМ бастығының атына өтініш береді, онда адресаттың аты, әкесінің аты, тегі, орналасқан жері көрсетіледі. Өтінішті ТМ әкімшілігі заңнамалық белгіленген мерзімде қарайды және мәселе оң шешілген жағдайда, тиісті ТМ әкімшілігіне сұрау жіберіледі. Сұрауға оң жауап алынған кезде, хат жазушысы адамдардың сауалнамалық деректері арнаулы жорналға есепке қою үшін енгізіледі (19-қосымша). Журналды хат тексеру инспекторы жүргізеді. Бас тартылған жағдайда, сотталғанға белгілеген тәртіппен дәлелді жауап беріледі.";
75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"75. Мемлекеттiк органдарға және қоғамдық бiрлестiктерге, сондай-ақ лауазымды адамдарға жiберiлетiн өтiнiштерге ТМ әкiмшiлiгi цензура жасамайды және бір тәуліктен (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) кешіктірілмей тиесілігі бойынша жіберіледі.";
"Сотталғандарға кездесулер беру тәртiбi" деген 15-тарау мынадай мазмұндағы 79-1-тармақпен толықтырылсын:
"79-1. Кездесуге келген адамның не сотталғанның өтінішін ТМ кездесу бөлмесіндегі жауапты бақылаушы қабылдайды. Өтініш үлгілері келушілерге арналған бөлмеде көрнекі ақпарат стендінде ілінеді.";
91-тармақ мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
"Кездесу бөлмесіне әкелінетін азық-түлік пен басқа да бұйымдарды кездесу бөлмесіндегі бақылаушы және жіті қарау тобының қызметкерлері жіті қарайды. Кездесу уақытында пайдалануға арналған азық-түлік пен бірінші кезектегі бұйымдар кезекті тапсыру есебіне кірмейді.";
94-тармақта "және кездесулердi телефонмен сөйлесулерге" деген сөздер алып тасталсын;
95-тармақ "оңаша" деген сөздің алдынан және "бөлмелерде" деген сөзден кейін тиісінше "бөлу қоршауымен" және ", мұндай кездесулердің құпиялылығын қамтамасыз ететін жағдайларда" деген сөздермен толықтырылсын;
"Сотталғандарға кездесулер беру тәртiбi" деген 15-тарауы мынадай мазмұндағы 96-1-тармақпен толықтырылсын:
"96-1. Кездесулер беру туралы барлық өтініштер белгіленген нысандағы журналда тіркелуі және сотталғандардың жеке ісінің материалдарына қосылуы тиіс (20-қосымша). Журналды кездесу бөлмесінде қадағалау жөніндегі бақылаушы жүргізеді. Бас тартылған жағдайда сотталғанға дәлелді жауап беріледі.";
"Сотталғандарға телефонмен сөйлесуге рұқсат беру тәртiбi" деген 16-тарау мынадай мазмұндағы 98-тармақпен толықтырылсын:
"98. Телефонмен сөйлесуге ТМ бастығы не оның алмастыратын адам сотталғанның жазбаша өтініші негізінде рұқсат береді. Телефонмен сөйлесу өткізілген соң сөйлесу өткізуге жауапты ТМ қызметкері өтінішке болған не қандай да бір себеппен болмаған телефонмен сөйлесу туралы белгі қояды. Одан кейін арыз тіркеуге және тиісті номенклатуралы іске енгізуге кездесу бөлменің бақылаушысына беріледі. Егер сөйлесулерді мекеме бастығының кезекші көмекшісі кешкі уақытта (сағат 19-дан 20-ға дейін) өткізген жағдайда, өтініш кездесу бөлмесіне келесі күні тапсырылады.";
мынадай мазмұндағы 100-2-тармақпен толықтырылсын:
"100-2. Сөйлесу, телефон немесе таксофон аппаратын пайдалану ережесі бұзылған не әңгімелесу кезінде этика мен мораль нормаларын сақтамаған жағдайда сөйлесулер дереу тоқтатылады.";
139-тармақ "емдеу" деген сөзден кейін ", жеке мәселелері бойынша қабылдау" деген сөздермен толықтырылсын;
140-тармақ мынадай сөйлемдермен толықтырылсын:
"Сотталғандарға тиесілі шай, темекі бұйымдары және сіріңке айыппұл камера тектес үй-жайдың (бір адамдық камера) айып изоляторы үй-жайының сақтау камерасында арнайы жасалған шкафта (жәшікте) сақталады. Шай ас таратылған уақытта ыстық суымен бірге беріледі. Темекі бұйымдары мен сіріңке күн тәртібіне сәйкес сотталғандарды серуенге шығару уақытында беріледі.";
150-тармақта "кезекшiлiк" деген сөзден кейін "пен сыпыру" деген сөздермен толықтырылсын;
Ережеге 2-қосымшада:
үшінші абзацтағы "ашық түсті", "ашық түсті емес" деген сөздер "шымқай қара, қаракөк не қара-қоңыр түсті" деген сөздермен ауыстырылсын.
17-қосымшада "адам болатын" деген сөзден кейін "Т.А.Ә." деген сөздермен толықтырылсын;
осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес 18, 19, 20-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы бұйрық оны алғаш ресми жарияланған күнінен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
2-дәрежелі мемлекеттік
әділет кеңесшісі
2007 жылғы 15 қазан
Қазақстан Республикасы Әділет
министрінің 2007 жылғы 2 қазандағы
N 237 бұйрығына 1-қосымша
ТМ ішкі тәртіп ережелеріне
18-қосымша
Тексеру карточкасы
| |
Карточка тығыз картоннан көлемі 7х10 см - де дайындалады.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2007 жылғы 2 қазандағы
N 273 бұйрығына 2-қосымша
ТМ ішкі тәртіп ережелеріне
19-қосымша
ТМ жіберілген және түскен сотталғандардың хаттарын
тіркеу жорналы
N |
Жіберілген/ |
Сотталғанның |
Адресаттың |
Жіберу |
Ескерту |
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2007 жылғы 2 қазандағы
N 273 бұйрығына 3-қосымша
ТМ ішкі тәртіп ережелеріне
20-қосымша
Кездесу берілуі туралы өтініштерді тіркеу жорналы
N |
Өтініш берген |
Кездесуге |
Кездесуге кім рұқсат |
Бас тарту |
Ескерту |