Қызметінің бірден бір түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 24 қыркүйектегі N 112 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 10 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4962 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының 2009 жылғы 16 шілдедегі N 63 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет  кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының  Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220  қаулысына мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға  70-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны:
      "Астана қаласында 3500 орындық әмбебап киноконцерт залының құрылысы" деген сөздерден кейін ", оның ішінде тауар жеткізілмеген, толық жеткізілмеген немесе сапасыз жеткізілген жағдайда Тапсырыс берушіге төленген аванс сомасын сөзсіз қайтаруды қамтамасыз ететін сақтандыру полисін мердігер ұйым беретін болса, материалдар мен жабдықтарға тапсырыс беру үшін оның құнының елу пайызынан аспайтын мөлшерде аванс аудару" деген сөздермен толықтырылсын;
      "- Конгресс-холл құрылысын салу;
      - "Шабыт" шығармашлық сарайын салу." деген абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "- Конгресс-холл құрылысын салу, оның ішінде тауар жеткізілмеген, толық жеткізілмеген немесе сапасыз жеткізілген жағдайда Тапсырыс берушіге төленген аванс сомасын сөзсіз қайтаруды қамтамасыз ететін сақтандыру полисін мердігер ұйым беретін болса, материалдар мен жабдықтарға тапсырыс беру үшін оның құнының елу пайызынан аспайтын мөлшерде аванс аудару;
      - "Шабыт" шығармашылық сарайын салу, оның ішінде тауар жеткізілмеген, толық жеткізілмеген немесе сапасыз жеткізілген жағдайда Тапсырыс берушіге төленген аванс сомасын сөзсіз қайтаруды қамтамасыз ететін сақтандыру полисін мердігер ұйым беретін болса, материалдар мен жабдықтарға тапсырыс беру үшін оның құнының елу пайызынан аспайтын мөлшерде аванс аудару.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі