"Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналардың Мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 727 б

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының  2007 жылғы 1 тамыздағы N 536 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 2 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4909 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 635 Бұйрығымен.

      "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңына , "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Қарағанды облысының Шахтинск қаласында және Шахан кентінде авариялық иесіз үйлерді жару жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ құрылыс қоқыстарын жинауға Қарағанды облысының әкіміне аудару үшін 2007 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен жалпы сомасы 363807000 (үш жүз алпыс үш миллион сегіз жүз жеті мың) теңге нысаналы ағымдағы трансферттер бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі