"Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы өтініштерді ұсыну және қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2007 жылғы 2 тамыздағы N 212-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 20 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4884 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 430 бұйрығымен

      "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңына , "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Қарағанды облысының Шахтинск қаласында және Шахан кентінде авариялық иесіз үйлерді жару жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ құрылыс қоқыстарын жинауға Қарағанды облысының әкіміне аудару үшін 2007 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен жалпы сомасы 363807000 (үш жүз алпыс үш миллион сегіз жүз жеті мың) теңге нысаналы ағымдағы трансферттер бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі