Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есепті жасау және табыс ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 24 шілдедегі N 263 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 17 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4881 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы N 68 Бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.06.2016 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мемлекеттік мәдени ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау өткізуді нақтылау мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 110 бұйрығына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 4633 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
      осы бұйрықпен бекiтілген Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау ережелерінде:

      6-тармақта:
      3) тармақшасында "әңгімелесу" деген сөзден кейін "(тыңдау, байқау)" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А. Бөрібаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің міндетін
            атқарушы