"Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 110 бұйрығына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2007 жылғы 23 шілдедегі N 195 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 16 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4874 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 189 бұйрығымен

Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында
жариялануға тиіс 

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Мемлекеттік наградалар жөнінде комиссия құру, оның құрамын және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі N 2935 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 14, 108-құжат; 1997 ж., N 2, 19-құжат; 2003 ж., N 41, 426-құжат):
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия туралы ереженің 2-тармағындағы»"5-6" деген цифрлар»"6-8" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      2) күші жойылды - ҚР Президентiнiң 29.08.2016 № 312 Жарлығымен;

      3) "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі N 691 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 32, 421-құжат; 2002 ж., N 44, 436-құжат; 2003 ж., N 45, 487-құжат; 2004 ж., N 21, 266-құжат; N 51, 671-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы ереженің 20 тармағында»"Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі" деген сөздер»"Мәдениет және ақпарат министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамына мыналар енгізілсін:

Саудабаев                         - Қазақстан Республикасының
Қанат Бекмырзаұлы                   Мемлекеттік хатшысы, төраға,

Орынбаев                          - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ербол Тұрмаханұлы                   Министрі Кеңсесінің Басшысы,
                                    төрағаның орынбасары,

Бөрібаев                          - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Асқар Ысмайылұлы                    және ақпарат вице-министрі,
                                    хатшы,

Досжан                            - Қазақстан Республикасы
Ардақ Дүкенбайұлы                   Президенті Әкімшілігі
                                    Әлеуметтік-саяси бөлімінің
                                    меңгерушісі,

Ертісбаев                         - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Ермұхамет Қабиденұлы                және ақпарат министрі,

Тәжин                             - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Марат Мұханбетқазыұлы               істер министрі,

Түймебаев                         - Қазақстан Республикасы Білім
Жансейіт Қансейітұлы                және ғылым министрі;

      аталған Комиссияның құрамынан: Е.Ә.Аманшаев, О.Әбдікәрімов, Д.А.Калетаев, Е.М.Қосыбаев, Ж.Ә.Құлекеев, Қ.К.Тоқаев, А.А.Тілеубердин шығарылсын;

      4) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 829 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 41, 426-құжат):
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      5) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 92-құжат; N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 9, 92-құжат; 2004 ж., N 14, 171-құжат; N 51, 671-құжат; 2005 ж., N 43, 573-құжат; 2006 ж., N 35, 374-құжат; 2007 ж., N 3, 36-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Жарлықтың тақырыбы мен мәтінінде "және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы" деген сөздер алып тасталсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
      тақырыбында және мәтінінде "және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының сақтауы" деген сөздер алып тасталсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:
      тақырыбында "және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы" деген сөздер алып тасталсын;

      аталған Комиссияның құрамына Саудабаев Қанат Бекмырзаұлы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төраға болып енгізілсін;

      көрсетілген Комиссияның құрамынан О. Әбдікәрімов шығарылсын;

      6)»"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы N 198 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 38, 421-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:
      Саудабаев Қанат Бекмырзаұлы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төраға болып енгізілсін;

      аталған Комиссияның құрамынан О.Әбдікәрімов шығарылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентiнiң 29.08.2016 № 312 Жарлығымен.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

                                             Қазақстан Республикасы
                                                 Президентінің
                                            2007 жылғы 23 шілдедегі
                                                N 369 Жарлығына
                                                    ҚОСЫМША

                                             Қазақстан Республикасы
                                                 Президентінің
                                            2002 жылғы 29 наурыздағы
                                                N 829 Жарлығымен
                                                   БЕКІТІЛГЕН

       Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
        Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның
                            ҚҰРАМЫ

Саудабаев                  - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Қанат Бекмырзаұлы            хатшысы, Комиссия төрағасы

Сағдиев                    - Республикалық ардагерлер ұйымы
Мақтай Рамазанұлы            кеңесінің төрағасы, Комиссия
                             төрағасының орынбасары (келісім
                             бойынша)

Көшкінов                   - Қазақстан Республикасы Президентінің
Ержан Сүлейменұлы            Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және
                             ұйымдастыру жұмысы бөлімінің сектор
                             меңгерушісі, Комиссия хатшысы

                  Комиссия мүшелері:

Ахметов                    - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Даниал Кенжетайұлы           министрі

Ертісбаев                  - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Ермұхамет Қабиденұлы         ақпарат министрі

Жексембинов                - Қазақстан Республикасы Парламенті
Жомартқали Байәсілұлы        Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Жұмабеков                  - Қазақстан Республикасы Президенті
Оңалсын Исламұлы             Әкімшілігі Басшысының орынбасары

Кәлетаев                   - Қазақстан Республикасы Президенті
Дархан Аманұлы               Әкімшілігі Басшысының орынбасары

Қасымбеков                 - Қазақстан Республикасы Президенті
Махмұт Базарқұлұлы           Кеңсесінің бастығы

Түймебаев                  - Қазақстан Республикасы Білім және
Жансейіт Қансейітұлы         ғылым министрі