"Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін ішкі істер органдарында қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 4 маусымдағы N 338 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2007 жылғы 25 мамырдағы N 217 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2007 жылғы 21 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4823 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 523 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі N 369 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы Президентінің
2000 жылғы 3 сәуірдегі N 369 Жарлығына
өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне
Мемлекеттік стипендия тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы
Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі N 369  Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбындағы»"Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия" деген сөздер»"Мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы»"Көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлері үшін" деген сөздер»"Мәдениет саласында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      1) және 2) тармақшалар алынып тасталсын;
      3) тармақшадағы»"Мемлекеттік стипендияға" деген сөздер»"мемлекеттік стипендияларға" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
            Президенті