Уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарға бақылу жасауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2007 жылғы 9 маусымдағы N 393а Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 16 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4808 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы N 5 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының
2007 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы N 78 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 3, 37-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2007 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірі 41-жол алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі