"Кене энцефалитінің алдын алу жөніндегі санитарлық-індетке қарсы (алдын-алу) іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 357 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 9 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4793 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 476 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.30 N 476 бұйрығымен.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6-тармақшасына, 7-1 бабының 4-тармақшасына және 24-бабының 1-тармағына сәйкес жұқпалы, паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған "Кене энцефалитінің алдын алу жөніндегі санитарлық-індетке қарсы (алдын-алу) іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары бекiтiлсiн.

      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау департаменттерінің басшылары (келісім бойынша) жыл сайын санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын тарта отырып, кене энцефалитінің клиникасы, диагностикасы, емдеу, диспансерлеу және
алдын алу мәселелері жөнінде медициналық кадрларды даярласын.

      3. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының денсаулық сақтау департаменттерінің басшылары (келісім бойынша):
      1) медицина ұйымдарынан кене энцефалитін уақтылы тіркеуді, есептеуді, диагностикалауды, емханаға жатқызуды, емдеуді және ауырған адамдарды диспансерлеуді талап етсін;
      2) кәсіби қауіп төнетін контингентті жоспарлы кене энцефалитіне қарсы алдын ала егуді жүргізсін;

      4. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттерiнiң (басқармаларының) басшылары:
      1) басқа да мүдделі ведомстволармен ұйымдармен бірігіп кене энцефалитінің алдын алу жөніндегі іс-шаралардың перспективалық кешенді бағдарламаларын әзірлесін;
      2) кене энцефалитімен ауыратындардың уақтылы тіркелуін, есепке алынуын, анықталуын, диагностикалануын, емделуге жатқызылуын және емдеуді бақылауды, ауырғандарды диспансерлік қадағалауды күшейтсін;
      3) жыл сайын кене энцефалитіне қарсы профилактикалық егудің жоспарын жасасын;
      4) халық арасында кене энцефалитінің алдын алу жөніндегі санитарлық-ағарту жұмыстарының тиімділігін және қол жететінділігін қамтамасыз етсін;

      5. Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары және Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станция" (бұдан әрі - РСЭС) мемлекеттік мекемесі басшылары:
      1) кене энцефалитінің иммунобиологиялық диагностикасы;
      2) кене энцефалиті вирусының антиденелерін анықтау үшін тест-жүйелердің қажетті мөлшерін қамтамасыз етсін.

      6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттерінің (басқармаларының) басшылары жыл сайын қаңтардың 25-не дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетіне және РСЭС-ке осы бұйрықтың орындалуы бойынша ақпарат берілуін қамтамасыз етсін.

      7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (А.А.Белоног) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Ж.М.Мұхаметжанов) осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.

      9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      10. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау министрі
міндетін атқарушының  
2007 жылғы 11 маусымдағы 
N 357 бұйрығымен бекітілген

"Кене энцефалитінің алдын алу жөніндегі санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары 1. Жалпы ережелер

      1.«"Кене энцефалитінің алдын алу жөніндегі санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары (бұдан әрі - Санитарлық ереже) орындалмаған жағдайда кене энцефалитінің пайда болуы мен таралу қаупін төндіретін санитарлық-індетке қарсы (алдын
алу) іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізуді белгілейді.

      2. Осы Санитарлық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) кене энцефалиті (көктем-жазғы кене энцефалиті) - табиғи-ошақты әсіресе орталық нерв жүйесін зақымдайтын жіті вирустық трансмиссиялық ауру. Флавивириде тегі, Флавивирус түріне жататын вирус кене энцефалитінің қоздырғышы болады.
      2) тасымалдаушы - Ixodes, Dermacentor, Haemaphysalis кенелерінің түрлері;
      3) трансмиссивтік аурулардың табиғи ошағы - кенелер мен жәндіктердің шағуы арқылы берілетін аурулармен ауыратын жабайы аңдары бар шектелген аумақ;
      4) трансмиссивтік аурулар - тасымалдаушылардың (жәндіктер, кенелер) шағуы арқылы берілетін аурулар;
      5) эндемиялық аумақ -  ауру тіркелетін аумақ;
      6) акарицидтік өңдеу - кенеге қарсы өңдеу.
      7) иммуноглобулиндер - жұқпалы аурулардың шұғыл алдын алу және емдеу мақсатында адамның және жануардың қан сарысуынан дайындалған препараттар;
      8) инсектицидтер (акарицидтер) - жәндіктер мен кенелерді жою үшін пайдалынылатын химиялық құралдар (препараттар);
      9) акарицидтік іс-шаралар - жәндіктер мен кенелер арқылы берілетін жұқпалы және паразиттік аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған шаралар

  2. Санитарлық-індетке қарсы (алдын алу) іс-шаралар

      3. Кене энцефалитімен ауыратындарды анықтауды медициналық көмекке жүгіну кезінде медициналық қызметкерлер жүзеге асыруға тиіс.

      4. Кене энцефалитінің барлық жағдайлары және осы ауруға күдіктілер анықталған жеріндегі денсаулық сақтау ұйымдарында тіркеледі.

      5. Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 2412 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы халқының арасындағы жұқпалы және паразиттік ауруларды тіркеу мен есепке алу ережесін және Қазақстан Республикасындағы тіркеу мен есепке алуға жататын халқының арасындағы жұқпалы және паразиттік ауруларының тізбесін
бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 26 маусымдағы  N 479 бұйрығына сәйкес медицина ұйымдары кене энцефалиті жағдайына және осы ауруға күдіктілер болғанда аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау қызметі органдарына белгіленген тәртіппен жедел хабарлама беруі тиіс.

      6. Кене энцефалитімен ауыратындар неврологиялық саладағы емханада емделуі тиіс.

      7. Медицина ұйымдары кене энцефалитінің жағдайлары, сонымен қатар кене шағуынан зардап шеккен барлық адамдарды уақтылы тіркеуді және есептеуді; диагностикалауды, емханаға жатқызуды, кене энцефалитімен ауыратындарды емдеуді және осы аурумен ауырғандарды
диспансерлеуді жүргізуі тиіс.

      8. Учаскелік невропатологтар кене энцефалитімен ауырғандардың денсаулығына байланысты екі және одан астам жыл бойы бақылауға тиіс.

      9. Медицина ұйымдары кәсіби қауіп төнетін контингентті кене энцефалитіне қарсы жоспарлы профилактикалық егулерді жүргізуі тиіс.

      10. Кене энцефалитіне қарсы адам иммуноглобулинін (бұдан әрі - иммуноглобулин) және кене энцефалитіне қарсы вакцинаны (бұдан әрі - вакцина) егу осы препараттардың қоса берілген нұскаулықтары талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.

      11. Кене шағуынан кейін медициналық көмекке жүгінген адамдарға иммуноглобулинмен серопрофилактика жүргізілуі тиіс. Иммуноглобулиннің профилактикалық әсері кене шаққаннан үш күннен кейін төмендейді.

      12. Кене шаққан адамдарды бақылауды кене шаққаннан кейін үш апта бойы учаскелік невропатолог жүргізеді.

      13. Аумақтағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары кене энцефалиті жағдайына шұғыл шұғыл хабарлама алғаннан кейін немесе осы ауруға күдікті жағдайда кезектен тыс хабарлама Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық комитетіне беруі тиіс.

      14. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметі органдарының мамандары кене энцефалитінің жағдайына эпидемиологиялық тексерістер және жұқтырылған жер аумағында энтомологиялық тексерістер жүргізуі тиіс.

      15. "Жұқпалы ауру ошағын эпидемиологиялық тексеру картасына" (N 328/у нысан) эпидемиологиялық тексерістің қорытындысы енгізілуі тиіс.

      16. Аумақтағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары:
      1) осы аурудың табиғи ошақтарында орналасқан елді мекендер және сауықтыру мекемелерінде кене энцефалитіне мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізуі (Осы Санитарлық ережеге қосымша);
      2) кене энцефалитін жұқтыру тәуекелі жоғары учаскені және контингентті айқындау үшін аумақты эпидемиологиялық бағалау жүргізуі;
      3) кене энцефалитін жұқтырған жерлер туралы көпжылдық (соңғы 5-10 жыл) деректерді талдауды жүзеге асыруға және жылына бір реттен кем емес халықты жоспарлы эпидемиологиялық тексеруді жүргізуі;
      4) "Жұқпалы аурудың ошағын эпидемиологиялық тексеру картасы" (328-у есепке алу нысаны) көшірмесін әрбір кене энцефалиті ауруының жағдайын эпидемиологиялық тексеруден кейін "Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станция" мемлекеттік мекемеге және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық комитетіне ұсынуға;
      5) емдеу-алдын алу шараларының уақтылы және сапалы жүргізілуін бақылауға;
      6) вакцинаға және иммуноглобулинге қажеттілікке тапсырысты уақтылы беруді және бұдан әрі олардың тасымалдануын, сақталуын және қолдануын бақылауды қамтамасыз етуге;
      7) қызметі кене энцефалитінің табиғи ошағында болумен байланысты ұйымдарды, олардың арнайы киімдермен және репеленттермен қамтамасыз етілуін бақылауға;
      8) кенеге қарсы іс-шараларды және кенені - кене энцефалитінің тасымалдаушыларын бақылауды жүргізу жұмыстарының тиісті көлемін орындау үшін энтомологтар мен  энтомологтар көмекшілерінің бос лауазымдарын жеке тұлғалармен толықтыру жөнінде шаралар қабылдауға;
      9) иксодтық кенелер - кене энцефалиті тасымалдаушылардың саны және фенологиясы, түрлік құрамы, таралуын зерделеуді жүргізуге;
      10) кене - кене энцефалитінің тасымалдаушыларымен күресу іс-шараларын ұйымдастыруды және әдістемелік басшылық етуді, олардың тиімділігін бақылауды қамтамасыз етуге;
      11) халықтың баратын кене энцефалитінің табиғи ошағы аумағында ескертетін қалқаншалар ілінуі және кене энцефалитінің профилактикасы туралы парақшалар таратылуы тиіс.

      17. Жоспарлы профилактикалық егуге халықтың кәсіби қауіп төнетін контингенті, кене энцефалитінің табиғи ошағында жұмыс істейтін, кез келген маман иесі жатады. Ұйымдардың басшылары аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметі органдарына
жоспарлы профилактикалық егуге жататын мамандар тізімін беруі тиіс.

      18. Кене энцефалитінің табиғи ошағы аумағында жұмыс істейтін мамандар арнайы қорғаныш киімдермен, репеллентермен және басқа да жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.

      19. Кене энцефалитінің табиғи ошағындағы ересектер мен балаларға арналған сауықтыру ұйымдары мен басқада объектілер, кене энцефалиті бойынша эпидемиологиялық қолайлы немесе кенелерден тазартылған аумақтар мен учаскелерге орналастырылуы тиіс.

      20. Ересектер мен балаларға арналған сауықтыру ұйымдарының басшылары демалушылардың келуіне дейін 50-100 метр радиуста ұйымның тазалап абаттандыруы тиіс. Аумақты тазалау мен абаттандыру жүйесі орманды санитарлық кесу, теректерді қысқарту, кепкен шабақтар мен ағаштарды алып тастау, шөптерді шабу, бұталарды сиректету мен қию, тұрмыстық, құрылыстық және өсімдіктер қоқыстарын жою, тұрғын және қосалқы бөлмелерге, су көздеріне, демалыс орындарына, спорт алаңдарына баратын орман жолдарын тазалауы және кеңейтуі тиіс.

      21. Сауықтыру ұйымдарының басшылары объектілердің абаттандырылған жағдайын маусым бойына ұстауы қажет.

      22. Ересектер мен балаларды сауықтандыратын ұйымдар орналасқан жерлерде, кәсіби қауіп төнетін контингенттің тұрғылықты болатын жерлерде, демалыс және туризм базаларында, бау-бақша кооперативтерінде, кене энцефалиті жұқтырылған орман массив учаскелерінде, сондай-ақ халықтың шаруашылық - тұрмыстық және басқа да мақсаттармен барғанда кене энцефалитін жұқтыратын кенемен күресу санитарлық-індетке (алдын алу) іс-шараларын жүргізуі тиіс.

      23. Акарицидтік өңдеу жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ветеринарлық препараттардың мемлекеттік тізімінде тіркелген инсектицидтік заттар пайдаланылуы тиіс.

      24. Объектіні кене қоныстануына энтомологиялық тексерістен кейін мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының мамандары акарицидтік шараларды жүргізу мерзімдері мен тәсілдерін, олардың тиімділігін айқындауға тиіс.

"Кене энцефалитінің алдын алу жөніндегі
санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу"
санитарлық-эпидемиологиялық      
ережесі мен нормаларына қосымша     

           Кене энцефалитінің табиғи ошақтары орналасқан
                         аумақтар тізбесі

      1. Алматы облысы
      1) Талғар ауданы,
      2) Еңбекшіқазақ ауданы,
      3) Қарасай ауданы,
      4) Райымбек ауданы,
      5) Алакөл ауданы,
      6) Ақсу ауданы,
      7) Сарқан ауданы,
      8) Кербұлақ ауданы,
      9) Ескелді ауданы,
      10)Ұйғыр ауданы,/
      11) Талдықорған, Текелі қалаларының маңы

      2. Шығыс Қазақстан облысы
      1) Глубокий ауданы,
      2) Зырян ауданы,
      3) Қатон-Қарағай ауданы,
      4) Ұлан ауданы,
      5) Шемонайха ауданы,
      6) Өскемен, Зырян, Риддер қалаларының маңы

      3. Алматы қаласы (маңы).