"Салық органдарында мүлікті жария ету жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 11 шілдедегі N 253 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 118 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 25 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4634 болып енгізілді.

       БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Салық органдарында мүлікті жария ету жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 11 шілдедегі  N 253 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4288 болып тіркелген, "Заң газетінде" 2006 жылғы 19 шілдеде N 132 (938) жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4387 болып тіркелген, "Заң газетінде" 2006 жылғы 22 қыркүйекте N 170 (976) жарияланған "Салық органдарында мүлікті жария ету жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 11 шілдедегі N 253 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 29 тамыздағы  N 331 бұйрығымен және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4470 болып тіркелген, "Ресми газетте" 2007 жылғы 6 қаңтарда N 1 (314) жарияланған "Салық органдарында мүлікті жария ету жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 11 шілдедегі N 253 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 23 қарашадағы  N 454 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      6-тармақтағы "шілдеге" деген сөз "қарашаға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салық органдарында мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
      7-тармақтағы "сәуірде" деген сөз "тамызда" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Н.Қ.Рахметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі