"Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлiкке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөнiндегi халықаралық шарттарды әкiмшiлiктендiру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2007 жылғы 29 наурыздағы N 183 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 24 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4629 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы N 5 бұйрығымен.

Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс        

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі аэроғарыш қызметі саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігін (бұдан әрі - Агенттік) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитетін таратсын;
      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің таратылатын Аэроғарыш комитетінің штат санын құрылатын Агенттікке беруді қамтамасыз етсін;
      3) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Агенттік таратылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Аэроғарыш комитетінің міндеттемелері бойынша құқық мирасқоры болып белгіленсін.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығының 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі".

      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті