Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы N 37 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 27 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4588 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы N 131 Қаулысымен.

       1-бап.  "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы , 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; N 11, 39-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 69-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      22-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Қазақстан Республикасының судьялары үшін жинақтаушы зейнетақы қорларына республикалық бюджет қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы кірісінің он проценті мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары қосымша белгіленеді.
      Судья келеңсіз себептер бойынша қызметінен босатылған кезде көрсетілген жарналар республикалық бюджетке алынады.".

       2-бап.  Осы Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті