Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензиялардың тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2007 жылғы 28 ақпандағы N 1-2/35 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 16 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4576 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 02-02-18/255 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Туризм және спорт министрінің 2011.12.30 № 02-02-18/255 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы  Заңының 8-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензиялардың тізілімін жүргізу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (Қ.А.Өскенбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті (Е.В.Журина) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Х.Н.Мусинге жүктелсін.
      5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және 2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Қазақстан Республикасы     
Туризм және спорт министрлігінің
2007 жылғы 28 ақпандағы    
N 1-2/35 бұйрығымен    
бекітілді    

  Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензиялардың тізілімін жүргізу ережесі

      1. Осы ереже "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензиялардың тізілімі осы ережелермен белгіленген қосымшаға сәйкес нысанда, ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиялар туралы, сондай-ақ қолданысы тоқтатыла тұрған, қайта басталған немесе тоқтатылған лицензиялар туралы ақпаратты қамтитын журнал болып табылады.
      Тізілімнен үзінді көшірме Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Интернеттегі ресми сайтында жарияланады.
      Тізілімді Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (лицензиар) жүргізеді және ол ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензияларды есепке алуды жүйелеуге арналады.

      3. Тізілім қағаз (журнал) және электронды (компьютер) нұсқаларда жүргізіледі. Журнал нөмірленіп, жіппен қайымдалып, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің мөрімен бекітілуі тиіс.

      4. Тізілім мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады. Тізілім тек қара және көк түсті сиямен толтырылады, оның мәтінінде түзететін сұйықты қолдану арқылы жасалған түзетулер болмауға тиісті.

      5. Тізілім келесі бағандардан тұрады:
      1 баған - реттік нөмірі;
      2 баған - лицензиардың атауы;
      3 баған - лицензияның берілген күні және нөмірі;
      4 баған - жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты;
      5 баған - жеке кәсіпкердің тұрғылықты жері;
      6 баған - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;
      7 баған - жеке тұлғаның жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өту куәлігінің нөмірі және берілген күні;
      8 баған - заңды тұлғаның атауы;
      9 баған - заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны;
      10 баған - заңды тұлғаның орналасқан жері;
      11 баған - жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);
      12 баған - қызмет түрі;
      13 баған - ойын мекемесінің атауы;
      14 баған - ойын мекемесінің орналасқан жері;
      15 баған - лицензияның қолданыс мерзімі;
      16 баған - төлем тапсырмасының нөмірі және лицензиялық алымды төлеген күні;
      17 баған - тоқтата тұрылды (лицензияның қолданысын тоқтата тұру негіздемесі және күні);
      18 баған - қайта басталды (лицензияның қолданысын қайта бастаудың негіздемесі және күні);
      19 баған - тоқтатылды (лицензияның қолданысын тоқтатудың негіздемесі және күні);
      20 баған - қайта ресімделді (лицензияны қайта ресімдеудің негіздемесі және күні);
      21 баған - лицензияны алушының тегі, аты, әкесінің аты және қолы; 
      22 баған - ескерту.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2007.06.28.  N 1-2/112 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      6. Деректер лицензия алушы ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия алған күннен бастап, немесе лицензияның қолданысын тоқтата тұру, тоқтату, қайта бастау туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап немесе лицензияның қолданысын тоқтату немесе лицензиядан айыру туралы сот шешімі заңдық күшіне енген күннен бастап тізілімге енгізілуге тиісті.

      7. Тізілімге оны жүргізуге, сақтауға жауапты адамдардың, сондай-ақ онда жүргізілген жазбалардың толықтығын бақылауды жүзеге асыратын адамдардың рұқсаты болады.
      Тізілім тұрақты сақталуға тиісті.

                                       Қазақстан Республикасы
                                  Туризм және спорт министрлігінің
                                       2007 жылғы 28 ақпандағы
                                    N 1-2/35 бұйрығымен бекітілген
                                  ойын бизнесі саласындағы қызметпен
                                     айналысу құқығына берілетін
                                   лицензиялардың тізілімін жүргізу
                                           ережесіне қосымша

       Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2007.06.28.  N 1-2/112 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

     Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына
               берілетін лицензиялардың тізілімі

N

Лицензиар-
дың атауы

Лицензия-
ның
берілген
күні және
нөмірі

Лицензия алушының атауы

жеке кәсіпкерлер

Тегі,
аты,
әкесінің
аты

Тұрғылық-
ты жері
 

Жеке тұл-
ғаның жеке
басын куә-
ландыратын
құжаттың
деректері
 

Жеке тұлға-
ның жеке
кәсіпкер
ретінде
мемлекеттік
тіркеуден
өту куәлі-
гінің нөмірі
және берілген
күні

1

2

3

4

5

6

7  








     кестенің жалғасы

Лицензия алушының атауы

Жеке
сәйкес-
тендіру
нөмірі
(ЖСН)
немесе
бизнес-
сәйкес-
тендіру
нөмірі
(БСН)

Қызмет
түрі

Ойын
мекеме-
сінің
атауы

Ойын
мекеме-
сінің
орналасқан
жері

заңды тұлғалар

Заңды
тұлғаның
атауы

Заңды
тұлғаның
ұйымдық-
құқықтық
нысаны  

Заңды
тұлғаның
орналас-
қан
жері

8

9

10

11

12

13

14








         кестенің жалғасы

Лицен-
зияның
қолданыс
мерзімі

Төлем
тапсыр-
масының
нөмірі
және
лицен-
зиялық
алымды
төлеген
күні

тоқтата
тұрылды
(лицен-
зияның
қолда-
нысын
тоқтата
тұрудың
негіз-
демесі
және
күні)

қайта
бастал-
ды
(лицен-
зияның
қолда-
нысын
қайта
бастау-
дың
негіз-
демесі
және
күні)

тоқта-
тылды
(лицен-
зияның
қолда-
нысын
тоқта-
тудың
негіз-
демесі
және
күні)

қайта
ресім-
делді
лицен-
зияның
қолда-
нысын
қайта
ресім-
деудің
негіз-
демесі
және
күні)

Лицен-
зияны
алушының
тегі,
аты,
әкесінің
аты және
қолы

Ескер-
ту

15

16

17

18

19

20

21

22