Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiру және олардың айналымы бойынша декларация табыс етудің нысандары мен ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы N 16 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің 2007 жылғы 23 ақпандағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4552 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 439 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1116  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 528-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      2-тармақтағы "екi вице-министрi" деген сөздер "үш вице-министрi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      3-тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі