"Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздарды кәсіптік даярлауды, біліктілігін көтеруді және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ережені бекіту туралы" облыс әкімиятының 2001 жылғы 19 шілдедегі 38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 28 наурыздағы N 57 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы әділет департаментінде 2006 жылғы 11 сәуірде N 1616 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы  әкімдігінің 2010 жылғы 3 наурыздағы N 60 Қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.04.14 N 93 қаулысымен

            "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 28 бабына сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Солтүстiк Қазақстан облысында әлеуметтiк жұмыс орындарын ашудың және қаржыландырудың ережесiн бекiту туралы" облыс әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы №N 288 (2005 жылғы 29 желтоқсандағы тiркеу N 398, 2006 жылғы 6 қаңтардағы «"Солтүстiк Қазақстан" газетi, 2006 жылғы 6 қаңтардағы "Северный Казахстан"» газетi) қаулысына келесi өзгерту енгiзiлсiн:
      аталған қаулымен бекiтiлген Солтүстiк Қазақстан облысында әлеуметтiк жұмыс орындарын ашудың және қаржыландырудың ережесiнде:

      5 тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "5. Нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ашуға және (немесе) ұсынуға тiлек бiлдiрген жұмыс берушiлердi iрiктеудi уәкiлеттi орган жұмыссыздың еңбегiне мейлiнше жоғары жалақы ұсынатын жұмыс берушiнi айқындау мақсатында конкурстық негiзде жүргiзедi.".

      Облыс әкiмi