Хромтау ауданы, Қопа ауылдық округінің "Молодежное" ауылын - Тамды ауылы деп өзгерту туралы

Бірлескен Ақтөбе облысы мәслихатының 2006 жылғы 14 наурыздағы N 240 шешімі және Ақтөбе облысы әкiмиятының 2006 жылғы 14 наурыздағы N 87 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2006 жылдың 10 сәуіріде N 3177 тіркелді

      Ескерту. Орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "аул", "аульный" сөздер "село", "сельский" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 11.12.2015 № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2015 № 359 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ және облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 14.08.2017 № 280 қаулысымен және Ақтөбе облысының мәслихатының 14.08.2017 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Мәртөк аудандық мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының Мәртөк ауданындағы Нагорный селолық округін - Тәңірберген ауылдық округі, Нагорный селосын - Саржансай ауылы деп қайта атау туралы ұсыныстары қабылдансын.

      Сессия төрағасы, облыстық мәслихаттың хатшысы
      Облыс әкімі