Ескерту. Орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "аул", "аульный" сөздер "село", "сельский" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 11.12.2015 № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2015 № 359 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ және облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 14.08.2017 № 280 қаулысымен және Ақтөбе облысының мәслихатының 14.08.2017 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Мәртөк аудандық мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының Мәртөк ауданындағы Нагорный селолық округін - Тәңірберген ауылдық округі, Нагорный селосын - Саржансай ауылы деп қайта атау туралы ұсыныстары қабылдансын.
Сессия төрағасы, облыстық мәслихаттың хатшысы |
Облыс әкімі |