Жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының
2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 641 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 29 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4501 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы N 5 бұйрығымен.

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.01.09 N 5 бұйрығымен.

      -------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
      2. ...
      3. ...
      4. Осы бұйрық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Министр                                        Б.Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрдің   
2009 жылғы 9 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына қосымша

Күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. ....
      21. "Жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 641 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4501 болып тіркелді, "Заң газеті" газетінде 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 5, "Ресми газет" газетінде 2007 жылғы 27 қаңтардағы № 4 жарияланды).
      .........

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 153 және  318-баптарын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
       1. Қоса беріліп отырған Жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының:
      "Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 613 (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылы 22 желтоқсанда N 3301 болып тіркелген, 2006 жылы 15 қыркүйекте N 166 (1146) "Заң газетінде" жарияланған);
      "Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 613 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 30 желтоқсандағы N 587 (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылы 17 қаңтарда N 4022 болып тіркелген, 2006 жылы
15 қыркүйекте N 166 (1146) "Юридическая газетінде" жарияланған) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Әдістеме басқармасы (А.В. Герун) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің ұйымдастыру-қаржылық қамтамасыз ету басқармасы (Г.Ә.Смағұлова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануына шаралар қолдансын.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Төраға

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрлігінің   
Салық комитеті Төрағасының
2006 жылғы 14 желтоқсандағы
N 641 бұйрығымен бекітілген

Жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалу
және әлеуметтік салықты есептеу
ережесі

      1. Осы Ережелер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық Кодексі) 153 және 318-баптарына сәйкес әзірленген және төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалу және жұмыс берушінің қызметкерлердің табыстарын төлеуге арналған шығыстарынан есептелетін әлеуметтік салықты есептеу тәртібін айқындайды. Жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалу, сондай-ақ әлеуметтік салықты есептеу осы Ережеге қосымшаға сәйкес жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу бойынша есепті жасау (бұдан әрі - Есеп) жолымен жүзеге асырылады.
      Әлеуметтік салықты есептеудің осы Ережеде белгіленген тәртібі оңайлатылған декларация негізіндегі және шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге таралмайды.

      2. Есепте салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
      1) 1-бағанда күнтізбелік жылдың тиісті айлары;
      2) 2-бағанда Салық кодексінің 149-бабының 2-тармағына және
154 , 156 , 159 , 161-баптарына сәйкес тиісті ай үшін жеке тұлғаға есептелген Салық кодексінің 146-бабына сәйкес жеке табыс салығы салынатын және Салық кодексінің 316-бабына сәйкес әлеуметтік салық салынатын табыстың сомасы;
      3) 3-бағанда жылдың басынан бастап ұлғаю нәтижесiмен есептелген Салық кодексінің 316-бабына сәйкес әлеуметтік салық салынатын табыстардың сомасы;
      4) 4-бағанда 2-бағанда көрсетілген және Салық кодексінің
144-бабына сәйкес жылдың тиісті айы үшін салық салынуға жатпайтын табыстардың сомасы;
      5) 5-бағанда зейнетақы заңнамасына сәйкес тиісті ай үшін айқындалатын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы;
      6) 6-бағанда жылдың басынан бастап ұлғаю нәтижесiмен міндетті зейнетақы жарналарының сомасы;
      7) 7-бағанда Салық кодексінің 152-бабы 1-тармағының
1), 4)-7) тармақшаларына сәйкес айқындалатын тиісті ай үшін салық шегерімдерінің жалпы сомасы;
      8) 8-бағанда 2-баған мен 4, 5, 7-бағандардың тиісті сомаларының арасындағы айырмасы ретінде айқындалатын, жеке табыс салығы салынатын табыстың сомасы;
      9) 9-бағанда жеке табыс салығы салынатын табыс сомаларын (8-баған) Салық Кодексінің 145-бабының 1-тармағында белгіленген салық ставкасына көбейту жолымен айқындалатын есепті ай үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы;
      10) 10-бағанда міндетті зейнетақы жарналарын қоспағанда, 2-бағанда көрсетілген Салық кодексі 316-бабының 1-тармағына сәйкес әлеуметтік салық салу объектілеріне жатпайтын тиісті ай үшін табыстардың сомасы;
      11) 11-бағанда міндетті зейнетақы жарналарын қоспағанда, салық жылының басынан бастап ұлғаю нәтижесiмен 10-бағанда айқындалған табыстардың сомасы;
      12) 12-бағанда жұмыс берушінің 2-баған мен 5, 10-бағандардың тиісті сомаларының арасындағы айырма ретінде айқындалатын тиісті ай үшін әлеуметтік салық салынатын шығыстарының сомасы;
      13) 13-бағанда жұмыс берушінің 3-баған мен 6, 11-бағандардың тиісті сомаларының арасындағы айырма ретінде айқындалатын салық жылының басынан бастап ұлғаю нәтижесiмен әлеуметтік салық салынатын шығыстарының сомалары;
      14) 14-бағанда жұмыс беруші әлеуметтік салық салынатын шығыстардың есептік сомасын айқындайтын айлардың санын білдіретін санға жылдың басынан күнтізбелік жылдың соңына дейін қалған айлардың санын білдіретін санның қатынасы ретінде айқындалатын қайта есептеу коэффициенті.
      Қызметкер күнтізбелік жылдың ішінде жұмысқа орналасқан кезде, жұмыс беруші әлеуметтік салық салынатын шығыстардың есептік сомасын есептеуді әлеуметтік салық салынатын шығыстардың есептік сомасы айқындалатын айлардың санын білдіретін санға қызметкер жұмысқа орналасқан айдан бастап күнтізбелік жылдың соңына дейін қалған айлардың санын білдіретін санның қатынасы ретінде айқындалатын қайта есептеу коэффициентін қолданумен жүргізеді.
      Қызметкер жұмыстан шығарылған кезде жұмыс беруші жұмыс істеген соңғы ай үшін әлеуметтік салық салынатын шығыстардың есептік сомасын есептеуді қайта есептеудің "1" деген коэффициентін қолдана отырып жүргізеді;
      15) 15-бағанда жұмыс берушінің есепті ай үшін салық салынатын табыстың сомасын (12-баған) қайта есептеу коэффициентіне көбейту
(14-баған) жолымен айқындалатын әлеуметтік салық салынатын шығыстарының есептік сомасы;
      16) 16-бағанда жұмыс берушінің (15-баған) салық салынатын шығыстар сомасының есептік сомасына Салық кодексі 317-бабының 1 немесе 2-тармақтарында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептелген және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесіне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік аударымдардың сомасына азайтылған әлеуметтік салық сомасы.
      Салық кодексі 121-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін тiрек-қимыл мүшесi бұзылған, есту сөйлеу көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдар әлеуметтік салықты есептеуді жұмыс берушінің (12-баған) әлеуметтік салық салынатын шығыстарына Салық кодексі 317-бабының 4-тармағында белгіленген ставканы қолдану және Ережеге сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік аударымдардың сомасына азайту жолымен жүзеге асырады. Бұл ретте, көрсетілген ұйымдар 15, 17-19-бағандарын толтырмайды;
      17) 17-бағанда жұмыс берушінің әлеуметтік салық салынатын шығыстарының есептік сомасынан әлеуметтік салық сомасының (16-баған) қайта есептеу коэффицентіне (14-баған) қатынасы ретінде айқындалатын есепті ай үшін әлеуметтік салықтың сомасы;
      18) 18-бағанда алдыңғы айлар үшін есептелген әлеуметтік салықтың сомасы;
      19) 19-бағанда есепті ай үшін әлеуметтік салық сомасы (17-баған) мен алдыңғы айлар үшін әлеуметтік салық сомасының (18-баған) айырмасы ретінде айқындалатын тиісті ай үшін төленуге жататын әлеуметтік салықтың сомасы;
       20) 20-бағанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар есептелетін Салық кодексі 144-бабының 1 тармағының 6) тармақшасында көрсетілген әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының, қаржы полициясының, қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiнің және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қызметкерлерін ұстаудың ақшалай түріндегі табыстарын қоса алғанда, жеке тұлғаның табыстары түріндегі жұмыс берушінің шығыстарының сомасы.
      Бұл ретте Есептің 2-19-бағандары әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының, қаржы полициясының, қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiнің және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қызметкерлерін ұстаудың ақшалай түрінде төленетін табыстары бойынша толтырылмайды.
      21) 21-бағанда Ережеге сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдардың сомасы көрсетіледі.

                                     Жеке табыс салығын есептеу және
                                       ұстап қалу және әлеуметтік
                                      салықты есептеу ережелеріне
                                                 қосымша

         Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу және
            әлеуметтік салықты есептеу бойынша есеп


 
 

  Күнтізбелік жылдың айлары
 


 

Кірістер есептелді


 

Салық салуға жатпайтын кірістер

Міндетті зейнетақы жарналарының сомасы


 

Салық шегерімдері


 

ЖТС
салынатын кіріс сомасы
(2-б.-4-б.-5-б.-7-б.)

есепті ай үшін

жыл басына

есепті ай үшін

жыл басына

1

2

3

4

5

6

7

8

қаңтар








ақпан








наурыз








сәуір








мамыр








маусым








шілде








тамыз








қыркүйек








қазан








қараша








желтоқсан








Жиыны








  кестенің жалғасы


 
 

  Жеке табыс салығы
(8-б.*10%)


 

МЗЖ қоспағанда жұмыс берушілердің әлеуметтік салық салу объектісі болып табылмайтын шығыстары

Жұмыс берушінің әлеуметтік салық салынатын шығыстары


 

   Қайта есептеу коэффициенті


 

Әлеуметтік
салық салынатын кірістің есеп айырысу сомасы (13-б.*14-б.)

есепті ай үшін

жыл басына

есепті ай үшін (2-б.-5-б.-10-б.)

жыл басына
(3-б.-6-б.-11-б.)

9

10

11

12

13

14

15















  кестенің жалғасы     


 

Әлеуметтік
салық салынатын кірістің есеп айырысу сомасының әлеуметтік салық сомасы
 


 

Әлеуметтік салық сомасы


 

   Жеке тұлғалардың әлеуметтік аударымдар есептелетін табысы


 

Әлеуметтік
аударымдар  сомасы (20-б.* 3%)

есепті ай үшін (16-б.:14-б.)

жылдың алдыңғы айлары үшін

төлеуге жататын (17-б.-18-б.)

16

17

18

19

20

21