"Вагондар (контейнерлер) операторы қызметінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 345-І бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 6 қарашадағы N 284 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 29 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4467 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Қазақ әуендерi" акционерлiк қоғамы 2006 жылға арналған сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар Қазақтан халықтары ассамблеясының он екiншi сессиясын дайындауды және өткiзудi қамтамасыз ету бойынша қызметтердi көрсетушi болып белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      2) қызметтердi мемлекеттiк сатып алу үшiн осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3 және 4-тармақтарын орындауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі