Концессионерді мемлекеттік қолдау құнын бағалау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 15 қарашадағы N 443 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 21 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4462 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008 жылғы 29 тамыздағы N 442 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235  қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға  407-қосымшада :
      1) 2-тармақ "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан
Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы" 1996 жылғы 11 қарашадағы N 3205 Жарлығы;" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкімдерінің сайлауын өткізу туралы" 2006 жылғы 6 маусымдағы N 130 Жарлығы;" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 4 және 5-тармақтарда "және мәслихаттар депутаттарын", "және
мәслихаттар депутаттарының" деген сөздер тиісінше ", мәслихаттар
депутаттарын және аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін", ", мәслихаттар депутаттарының және аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
      реттік нөмірі 6-жолда "және мәслихаттар депутаттарын" деген сөздер ", мәслихаттар депутаттарын және аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
         Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі