"Концессиялар туралы» және»Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне концессия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"»Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 28 шілдедегі N 216-ө Өкімі

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009.05.12 N 691 Қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының спортшылары - 2006 жылғы Турин қаласындағы (Италия Республикасы) XX қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерiн және олардың жаттықтырушыларын көтермелеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiне "Қазақстан Республикасының спортшыларын кезектi 2006 жылғы Туриндегi (Италия Республикасы) XX қысқы және 2008 жылғы Пекиндегi (Қытай Халық Республикасы) XXIX жазғы Олимпиада ойындарына даярлау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 30 наурыздағы N 286 қаулысымен айқындалған мөлшерде 2006 жылғы Турин қаласындағы (Италия Республикасы) XX қысқы Олимпиада ойындарының шаңғы жарысы бойынша мынадай жүлдегерлерi мен олардың жаттықтырушыларына:
      1) Евгений Кошевойға командалық спринтте алтыншы орынды иеленгенi үшiн және оның жаттықтырушысы Виктор Петрович Васильевке;
      2) Николай Чеботькоға командалық спринтте алтыншы орынды иеленгенi үшiн және оның жаттықтырушысы Сергей Васильевич Тишковқа бiржолғы төлемдердi жүзеге асыру үшiн 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 2579000 (екi миллион бес жүз жетпіс тоғыз мың) теңге бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануын бақылауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі